Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2052 0 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 11:17

Трамп тағы да сайлауға түседі

Дональд Трамп 2020 жылы қарашада өтетін президент сайлауына түсетін үміткер ретінде ұсынылды. Республикалық партияның Шарлотт қаласында (Солтүстік Каролина штаты) өтіп жатқан Ұлттық съезінде Трамп үміткер деп жарияланды.

АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Майк Пенс болашақ әкімшіліктегі екінші жоғары лауазымға үміткер деп аталды.

Форумға әрбір штаттан алты адамнан, барлығы 336 делегат жиналды. Съезд Шарлотт қаласында ашылса, төрт күндік форумның басқа да шаралары Вашингтонда, сонымен бірге видеоформатта өтеді.

Қоғамдық пікір сауалнамасына қарағанда, демократтар атынан сайлауға түсетін Джо Байден президент Трамптан 8-10 пайыз алда келеді.

Форумда Трамп отбасының мүшелері, Республикалық партияның ықпалды өкілдері, Солтүстік Каролина штаты мен басқа да штаттарының тұрғындары сөз сөйлейді.

FoxNews телеарнасының хабарлауынша, республикалық партияның конгрессмен болған бұрынғы жиырмадан астам мүшеі "Республикашылдар Байданді қолдайды" науқанына қатысқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1980
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2362
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1940
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571