Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2822 2 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 11:15

Минскіде мыңдаған адам Тәуелсіздік алаңына шықты

25 тамызда Минск қаласында президент Александр Лукашенконың басқаруына қарсы мыңдаған адам қайтадан Тәуелсіздік алаңына шықты.

Оппозиция елдің Тәуелсіздік күнін атап өту үшін шыққанын мәлімдеді. Беларусь 1991 жылы 25 тамызда егемендік декларациясын қабылдаған.

Акциялар елдің өзге қалаларында да өтті. Nexta телеграм-каналы Гродно қаласында милиция жергілікті "Гродно Азот" кәсіпорнының көшеде серуендеп жүрген 20-дан астам жұмысшысын ұстап әкеткенін жазған. Біраз уақыттан кейін ішкі істер басқармасы ғимараты алдында 100-ден астам адам жиналып, жұмысшыларды босатуды талап еткен.

Беларусьте халық наразылығы жалғасып жатқанына екі аптадан асты. 23 тамыз, жексенбі күні ел астанасы Минск мен өзге де оннан астам қалада, кейбір есептер бойынша, жиыны 200 мыңнан адам қарсылық шеруіне шықты.

Олар ширек ғасырдан астам уақыт билікте отырған Александр Лукашенконы “президент сайлауында 80 пайыз дауыс алды” деп жариялаған Орталық сайлау комиссиясының қорытындысымен келіспей, оны “дауысты дұрыс санамай, өрескел бұрмалады” деп айыптап, Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1959
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2268
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1863
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550