Сенбі, 4 Мамыр 2024
Билік 4216 2 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 13:15

1 қыркүйекте Президент Жолдауы жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, жолдауда негізінен экономикалық және әлеуметтік мәселелер айтылады.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады»,-деп жазды ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1084
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 977
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 829