Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3738 0 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 12:07

Тәжікстанда қазақ жүргізушісімен жанжалдасқан МАИ қызметкерін жұмыстан шығарды

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) Турсунзаде қалалық МАИ қызметкері Ислом Махкамовты қызметінен алды. Әлеуметтік желілерде оның қазақстандық жүргізушімен жанжалдасқан видеосы жарияланған.

ІІМ ақпаратына қарағанда, Махкамовты қызметтен алу туралы бұйрыққа министр екі апта бұрын қол қойған. Мекеме өкілі видео интернетке жарияланғаннан кейін қалалық ішкі істер басқармасында қызметтік тексеру жүріп, бұдан былай Махкамовтың бұл органда жұмыс істеуге құқығы жоқ деген шешім шығарылғанын мәлімдеді.

Екі минөттік видеода МАИ қызметкері жүк көлігін тоқтатып, оның нөмерін шешіп алғанын көруге болады. Қазақстан азаматы екенін айтқан жүргізуші Махкамовтың көлігін бөгеп, біраз жанжалдасқаннан кейін, нөмірді қайта тартып алған. МАИ қызметкері оның атына былапыт сөздер айтқан.

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып, қолданушылардың көбі МАИ қызметкерлерінің әрекетін сынға алған.

Ислом Махкамов қазақстандық жүргізуші қатты жылдамдықпен жүргенін, бірақ шетел азаматы болғандықтан оған айыппұл салмағанын жеткізді.

«Мені ішкі істер органдарынан кетірді. Менің бар айыбым шетел азаматын жазаламағаным. Бұл менің қателігім болды»,- деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2450
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672