Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 8432 16 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 10:29

Бізді кімдер басқарып отыр?

«Шабалаңдама, жаман қатын»,- дейді бір депутат ашынып алаңға шыққан анаға...

Тағы бір депутат: «депутаттықты 100 мың долларға сатып алдым»- деп саунада қырғын шығарады...

Енді бір депуттар легі жуырда радикал ұлтшылдарға қарсы соғыс жариялады! Жоқ жаумен алысқан тура Дон-Кихоттар армиясы дерсің.

Тағы бір депутаттың қарғысын есітіп, күллі халық жағасын ұстады...

Және ең қауіптісі, бұлардың бәрі «Нұротанның» таңдаулы тұлғалары...
Бұлар кімдер өзі? Рэкет пе, экстремист пе, шовинист пе?
Бізді кімдер басқарып отыр?

Елдің дамуын тежейтін өте қауіпті тенденция... «Ауғанстанға апарар жолдың» төте бағыты...

Дина Елгезектің жазбасы

Abai.kz

16 пікір