Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3718 8 пікір 21 Тамыз, 2020 сағат 13:12

Құндылықтарымыздан жеруге неліктен душар болдық?

Астана. Айнала толған жат атаулар. Тек Астана емес, Қарағанды да, Алматы да, басқа қалалар да солай.

Әдемі-әдемі, мағыналы, мәнді қазақы атаулар көз алдыңда көшелерде, маңдайшаларда көрінбегеннен кейін, көзден де, санадан да бұл-бұл ұшады.

Бір маңдайшадан «Жауқазын» деген атауды көріп қалып, қуанып кеттім. Бұрыннан білетін сөз ғой. Тосырқап, сағынып қалыппын. Көзайым болдым.

Әредік болсын көрмеген соң, күнделікті қолданбаған соң, қаншама сөзіміз көлеңкеге түсіп, көмескіленіп, біртіндеп ұмтылып, жоғалып, жат болып барады.

Бұлай кете берсе, көше көркемдігінен, көз қарасынан, сана саңылауынан айрылады. Руханиат жұтайды.

Елбасы шеше алмаған дүниені, енді Президент түзей ала ма, қолы тие ме? Ішкі саясат құрылымдары бұл салада неге дәрменсіз?

Жүз жылдан соң бұл құбылысты, оның салдарларын не деп атаймыз? Санадағы бейғамдық па, рухани геноцид пе?

Біз өз құндылықтарымыздан жеруге неліктен душар болдық?

Болат Сыздықтың жазбасы

Abai.kz

8 пікір