Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2261 0 пікір 20 Тамыз, 2020 сағат 15:49

Қырғызстан Қытайдан пандемияға байланысты қарызды жеңілдетуді сұрады

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков қытайлық әріптесі Ван Имен телефон арқылы сыртқы қарыз туралы сөйлескен.

"Коронавирус пандемиясы макроэкономикалық жағдайға да кері әсерін тигізіп жатқанына байланысты Қытайдан сыртқы қарызды жеңілдетуді сұрадық", - делінген сыртқы істер министрлігінің ресми баяндамасында.

14 сәуірде қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Қытай басшысы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлесіп, көмек сұраған.

Қырғызстанның қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, сыртқы қарыз 4,7 млрд долларды құрайды.

Қарыздың 43,2 проценті Қытайдың экспорт-импорттық банкінен алынған. Яғни Қытайға 1 млрд 775 млрд доллар қарызы бар.

Биыл қырғыз үкіметі коронавирус пандемиясымен күресу үшін сырттан 742, 9 млн доллар қарыз сұраған. Оның басым бөлігі несие ретінде берілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608