Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2887 2 пікір 17 Тамыз, 2020 сағат 10:41

Минскіде әділ сайлау үшін ірі акциялар өтті

Минскіде жексенбі күні президент сайлауының ресми нәтижесіне келіспейтінін білдіру үшін он мыңдаған адам көшеге шықты. "Минск – батыр қала" монументі жанына 200 мыңға жуық адам жиналды. РБК мен Reuters есебі бойынша, осынша халық жиналған.

Tut.By агенттігінің жазуынша, акцияға кемінде 60 мың адам қатысқан. "Интерфакстың" хабарлауынша, жиналғандар монументтің төрт жағында тұрған. Халықтың қолында ақ-қызыл-ақ жалау, гүлдер мен шарлар болған.

Дауысты қайта санауды талап еткен және құқық қорғау органдарының зорлық-зомбылығына қарсы акциялар Минскіден өзге де Витебск, Гомель, Гродно, Шклов, Барановичи қалаларында өтті. Қарсылық білдірушілерді қолдау мақсатында Украина, Германия, Оңтүстік Корея және Мальтада да акция өтті. Прага қаласында да беларусь халқын қолдау шарасы болды.

Беларусь ішкі істер министрі Юрий Караев жексенбі күні рұқсат етілмеген акцияда 21 жыл бұрынғы қайғылы оқиғаның қайталануы мүмкіндігін ескерткен. Ол кезде "Немига" метросында 53 адам қайтыс болған. "Кез келген халық көп жиналған топ – екінші Немига", – деді Караев.

Жексенбі күні Минскідегі Тәуелсіздік алаңында да билікті жақтайтын митинг өтті. Ресми мәлімет бойынша, оған 70 мың адам жиналған. Жиналғандардың алдында ел президенті Александр Лукашенко сөз сөйлеген. Ол сөзінде оппоненттерін айыптаған. "Сіздер қатыгездік таныттыңдар, Оны туғызған мен бе? Билік пе? Ол бізге керек емес", - деген алтыншы рет сайлауға түскен Лукашенко. Ол сайлау қорытындысы бұрмаланғанын теріске шығарды.

9 тамыздан бері Беларусьтің барлық қалаларында президент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы мәліметі бойынша, Лукашенко жеңіске жеткен. Халықты күшпен тарату кезінде жүздеген халық жараланды, бір адам қайтыс болды. Еуропалық одақ халыққа күш көрсеткені үшін елдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салатынын ескертті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608