Жұма, 17 Мамыр 2024
2606 3 пікір 12 Тамыз, 2020 сағат 11:36

Ақ үйге жақын жерде атыс болып, Трамп брифингісі үзілді

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың баспасөз брифингісі кенеттен үзіліп, құпия қызметінің мамандары брифинг өтіп жатқан жерден президентті алып кетті. Бірнеше минуттан соң президент залға оралып, Ақ үйге жақын жерде атыс болғанын хабарлады.

Президент Трамптың сөзіне қарағанда құпия қызметінің мамандары қарулы адамды атқан. АҚШ президентін қорғайтын құпия қызметінің мамандары Twitter-де оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құпия қызметінің бір өкілі және қаруы бар делінген адам ауруханада жатыр. Ресми хабарламаға сәйкес, Ақ үй аумағына ешкім кірмеген және онда жұмыс істеп жатқандарға қауіп төнбеген.

Оқиға Ақ үй орналасқан көшеде болған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, брифингте отырғандар президент сөйлей бастағаннан кейін бірнеше минут өткен соң оқ атылғанын естіген және қауіпсіздік қызметінің маманы Трампқа барып Ақ үйге жақын жерде атыс болып жатқанын хабарлаған. Президент бұдан соң брифинг залынан шығып, кабинетіне барған. Сәлден соң қайта оралып, баспасөз мәслихатын жалғастырған. "Бұл оқиғаға алаңдап тұрсыз ба?" деген сұраққа Трамп "алаңдап тұрған адамға ұқсаймын ба?" деп жауап берген.

Құпия дереккөзіне сүйенген Associated Press агенттігінің хабарлауынша, аты-жөні белгісіз ауруханада жатқан күдіктінің жағдайы ауыр. Тергеушілер оның әрекетінің себебін анықтауға тырысып жатыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626