Жұма, 26 Сәуір 2024
2179 0 пікір 10 Тамыз, 2020 сағат 17:32

Түркия мен БАӘ Қырғызстанмен әуе қатынасын орнатты

Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантиннен соң алғашқылардың бірі болып Қырғызстанмен әуе қатынасын орнатты.

Қырғызстанның көлік және жол министрлігінің хабарлауынша, бұл елдер Қырғызстанға тұрақты халықаралық рейстер ашуға рұқсат берді.

Министрлік Ресей және Қытаймен келіссөз жүріп жатқанын хабарлады. Авто және темір жол қатынасы қашан қалыпқа келетіні әзірге белгісіз.

Қырғызстан азаматтық авиация агенттігінің мәліметі бойынша, 10 тамыздан бастап Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе компаниялары Қырғызстанға рейстер ашып жатыр.

"Авиа Траффик Компани" әуе компаниясы "Бішкек–Стамбул–Бішкек" (аптасына екі мәрте, "Бішкек–Анталья–Бішкек" (аптасына бір мәрте) рейстерін ашса; "Түрік әуе желісі" әуе компаниясы "Стамбул–Бішкек–Стамбул" (аптасына екі мәрте) рейсін; "Пегасус Эйрлайнс" әуе компанясы "Стамбул–Бішкек–Стамбул" (аптасына екі мәрте) рейсін жариялады;

"Флай Дубай" әуе компаниясы "Дубай–Бішкек–Дубай" (аптасына бір мәрте) рейсін шығарады.

Билеттер мен рейстер кестесін аталған әуе компаниялардың сайттарынан білуге болады.

Қырғызстан үкіметі шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы қаулыны әлі өзгерткен жоқ. Билік биыл көктемде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жариялаған.

Abai.kz

0 пікір