Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2168 0 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 10:25

Президент шілде айында қандай Заңдарға қол қойды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында бірқатар Заңға қол қойды. Оның ішінде Салық кодексіне, халық денсаулығына және ойын бизнесіне қатысты заң жобалары бар. Сол заң жобаларын рет-ретімен жазсақ...

Қазақстан Президенті 2 шілде күні Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексіне (Салық кодексі) сонымен қатар Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Президент ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі Заңға қол қойды. Нақтырақ айтсақ, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды.

Айта кетейік, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, 4 273 ауыл мен 118 қала усиннің айтуынша, 4 273 ауыл мен 118 қала 3G және 4G технологиясымен негізделген жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Сонымен қатар, вице-министр 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету көзделгенін айтты.

Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін 928 ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отырған көрінеді. Ал, қыркүйекке дейін оның 97 сі орнатылатын көрінеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2 шілде күні ойын бизнесін реттейтін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Яғни, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды.

Айта кетейік, сарапшылар өткен жылы заңсыз ойын бизнесінің жылдық көлеңкелі табысы 60 миллиард теңгеден асқанын айтады.

Президент сонымен қатар, 3 шілде күні мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Яғни, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы аудиторлық қызмет мәселелері жөнінде Заңға қол қойды. Нақтырақ айтсақ, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар туралы Заңға қол қойды. Яғни, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субьектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экононмикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы сонымен қатар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды. Және, Президент “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексіне қол қойды.

Президент қол қойған жаңа кодексте міндетті екпе салуға қатысты заң жобасы да бар.Сонымен қатар жаңа кодексте келесі мәселелер де қарастырылған. Олар:

-21 жасқа дейінгі жастарға темекі сатқандарды әкімшілік жазаға тарту.

-өмірден өткен адамның жасушаларын және ағзасын алу тәртібі және шетел азаматтарына ауыстыру үшін Қазақстаннан шығаруға тыйым салу;

-Қазақстан азаматтары үшін ерікті және міндетті вакцинациялауға қатысты заң екпе салынбаған балалардың балабақшаға баруына тыйым салады.

-елде электронды темекі пайдалануға шектеу қою мәселелері қарастырылған.

Президент қол қойған Кодекстегі вакцинациялау жөніндегі баптары қоғамда дау туғызғаны белгілі. Екпеге қарсы болғандардың дені екпенің сапасына сенбейтіндерін алға тартады. Бірақ, министрлік екпе салмау олардың денсаулығын қорғау құқығын бұзу болып есептелетінін айтқан. Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар құқығын қорғау жөніндегі Конвенцияға қой қойғанын айтты.

Алайда, Мемлекет басшысы әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі Кодекске қол қойған болатын. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзғандарға айыппұл көлемі 10 есеге өсетінін айтқан.

Айта кетейік, жуырда аяқталған бесінші сессия аясында Парламенттің қос палатасында 161 заң жобасы талқыланған. Сол заң жобасының 98-і қабылданған. Бүгінгі таңда Парламент қабылдаған сол 98 заң жобасының Президент 86 –сына қол қойған. Сол заңдар ресми заңдық күшіне енген.

Қорыта айтқанда, Президент қол қойған осы заңдар алдағы уақытта қоғам игілігіне айналмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1231
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1131
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 871
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1012