Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Дәстүр 3313 0 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 16:33

ЮНЕСКО. Әлем елдерінің төрінен күмбірлеген домбыра үні

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қолға алынып, шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп бекітіліп, белгіленгеніне де екі жыл уақыт өтті.

2018 жылдың 12 маусымы күні сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Жарлық шығарды. Онда: «Шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп белгіленсін. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енсін», - деп жазылды.

Бұл біреу үшін қып-қысқа жарлық боп көрінуі мүмкін. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған осы бір ғана құжат бүкіл қазақтың рухын көтеріп, көңілін қанаттандыратыны маңызды тарихи жарлық екеніне күмән жоқ. Өйткені, қазақ үшін домбыра қасиетті, киелі.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында «жаһандық өмірдегі замануаи Қазақстан мәдениеті» сөз болғаны белгілі. Ал заманауи өмірде жер жаһанның жұртына қазақ мәдениетін, Қазақстан мәдениетін таныту үшін әуелі – домбыра ұлықталуы керек! Сондықтан да, Ақорда жақтағы ақ жағалы билік басшылары дәл осыған ерекше көңіл бөліп, «Ұлттық домбыра күні» белгіленгені тегін болмаса керек.

Загадка казахской души: Как появилась домбра и в чем секрет ее ...

Қазақтың қара домбырасына 6 мың жыл

Қадыр ақын: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра», - дейді. Қазақтың қара домбырасының 6 мың жылдық тарихы барын Abai.kz ақпараттық порталында осыған дейін жаздық. Ғалымдар мен зерттеушілер дәлелдеді.

Алматы облысындағы Майтөбе жайлауынан табылған 6 мың жыл бұрын салынған тастағы суреттерде домбыра бейнеленген. Зерттеушілер бұл тастағы суреттерді этнограф Жағда Бабалықұлының көмегімен тапқан. Ал 2008 жылы Жағда Бабалықұлы сол тарихи жәдігерлер мұражайға қойылғанда кемсеңдеп жылап: «Домбыраның күні туып келеді», - деген еді. Сол сөз бүгін шынға айналды. «Ұлттық домбыра күні» белгіленді. Қазақтың қара домбырасы әлем елдерінде дәріптеле бастады.

Домбыра, домбыра күйлері – ЮНЕСКО шешімімен материалдық емес мұралар тізіміне енген!

Биылғы коронавирус пандемиясына байланысты «Ұлттық домбыра күніне» деп жоспарланған оффлайн форматтағы бірқатар іс-шаралардың кейінге шегеруге тура келгені де рас. Десе де, қазақтың қара домбырасы бұл күні мүлде ұмыт қалған жоқ. Қазақстанда және әлемнің жиырма шақты елінде домбыра үні естілді. Бірлі-жарым іс-шаралар ұйымдастырылды. Abai.kz ақпараттық порталы сол атқарылған іс-шараларға қысқаша шолу жасап шыққан еді. Мархабат...

;feature=emb_title

Шеттегі қазақтар әлемнің 25 елінде домбыра шертті

Шетелдегі қазақтардың, қазақстандықтарды «QazAlliance» дейтін бірлестігі әлемнің 25 елінде домбыра фестивалін ұйымдастырыпты.  Аталған іс-шара 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткен. «World Dombyra Festival» атты ауқымды шара дүниежүзінің 25 елі мен 36 қаласын қамтығын. Ал 5 шілде күні фестивальдің қорытындысы ретінде бейне клип әзірленген. Шара ұйымдастырушылары «Ұлттық домбыра күніне» орай аталған фестивальді жыл сайын өткізу жоспарланып отырғанын айтыпты.

Димашқа арналған күй

Аталмыш фестивальдің қатысушысы, Ресейдегі этникалық қазақ Жанайдар Нұрсалиев қазақ өнерінің жас та болса бас жұлдызы, әлемдік масщтабтағы өнер иесі Димаш Құдайбергенге арнал күй шығарған екен. Күйдің аты – «Димаш Байжұма». Ресейдің Алтай аймағында тұратын этникалық қазақтың бұл күйіне Димаш Құдайбергеннің әлемдегәі фан-клубының өкілдері жылы пікірлерін айтыпты.

Альпі тауларынан әуелеген домбыра үні

«Ұлттық домбыра күні» қазақтың мың жылдықтардан келе жатқан қара домбырасының үні Альпі тауларын ала қарларының асқақ шыңынан да естілді.

Швейцариядағы Қазақстан елшілігі мен «Birlik» Қазақстан-Швейцария қауымдастығы бірлесіп, домбырашылардың музыкалық қойылымын ұйымдастырыпты. Шара Швейцарияның Меггенхон деген жерінде өткен. Онда домбырашылар «Адай», «Көңіл толқыны», «Ақсақ киік», «Жекпе-жек», «Әлқисса», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Секіртпе» секілді күйлерін орындаған.

«Халықтар арасындағы мызғымас көпір ол – мәдениет. Ол – ел мен елді жақындстырады. Қазақтың рухы – домбыра үнінде. Ал швейцариялықтардың жаны – Альпі тауларының сұлулығынан нәр алады. Бүгінгі іс-шара осы екі ерекше мәдениеттің симбиозы болды», - депті Елші Әлібек Бақаев.

Лондон төрінде

Дәл осы күні Лондондағы қазақ студенті де ерекше флешмоб өткізген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға барған Лондон университеттік колледжінің студенті Айдар Айшабеков әлемге әйгілі Трафальгар алаңында Құрманғазы күйлерінен шашу шашқан.

Анадолыдағы ағайындардың сәлемі

Анадолыдағы ағайындар да «Ұлттық домбыра күні» Қазақстан жұртын қазақтың қоңыр күйі арқылы құттықтаған екен. Юсуф Алтын мен Хұсейін Кайнак атты түрік музыканттары қазақ күйлерін нақышына келтіріп, түрік және әзірбайжан аспаптары арқылы орындаған.

Бұл екі азамат жуырда Абай хәкімнің 175 жылдығына арналған домбырашылар сайысына қатысқан екен. Юсуф Алтын Ардахан қаласында университет ұстазы. Ол Қазақтың «Көроғлы», «Бозінген», «Көңілашар», Абайдың «Торы жорға» күйлерін түрік аспабына салып, шәкірттеріне де үйреткен.

1000 домбырашы һәм Гиненс кітабы

Ал өзіміздің Қостанай облысының күйшілері қазақтың қара домбырасымен Гиннестің рекордтар кітабына енген. Былтыр «Ұлттық домбыра күнінде» Қостанай облысының Амангелді ауданында бір мезетте 1 мың күйші күй шерткен. Ал биылғы «Ұлттық домбыра күні» сол шара әлемдік рекорттар қатарына кіргенін растайтын арнайы сертификат табысталған.  Осылайша қостанайлық мың домбырашы Гиннестер кітабына енді. Олардың ең кішкентайы 5 жаста болса, ең егде жастағысы 90 жасқа таяған ақсақал болған.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2550
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2362
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1660