Сенбі, 27 Сәуір 2024
8822 0 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 14:15

Абайдың 150 жылдығы қалай тойланды?

ҚР Президенті Телерадиокешенінің Telegram каналында 1995 жылы Абайдың 150 жылдығы түсірілген видео жарияланды.

«Абайдың мерейтойы 25 жыл бұрын қалай тойланды?» деген тақырыппен жарияланған видеода Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семейге, Абай ауданына келгенін көруге болады.

«Еске түсіріп көрелік. Архивтен қазақтың ұлы ағартушысының 150 жылдығы тойланған бірегей кадрларды тауып алдық. 1995 жылды ЮНЕСКО Абай жылы деп жариялаған еді. Сол кезде Абайдың 150 жылдығы әлемнің 25 елінде аталып өткен», - деп хабарлайды ҚР Президенті Телерадиокешенінен.

Еске сала кетсек, биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Ұлы ақынды болашақ ұрпаққа дәріптеу, еңбегін ұлықтау мақсатында елде біршама іс атқарылып жатыр. Өңрілерде ақынның ескерткіштері бой көтеріп, Абайдың еңбектері шет тілдеріне аударылуда. Сонымен қатар таяуда мәдени-ағарту бағытындағы «Абай» телеарнасының тұсауы кесілген болатын.

Abai.kz

0 пікір