Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3479 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 22:10

Алашты қынадай қырған ашаршылық

Қанша ауыр болса да туған тарихымыздың қаралы беттері аз емес. Қазақтың қаны сіңген тарихтың сол парақтарына қарап отырып, рухыңды мәңгі өлтірмеске іштей бекінесің. Шындық деп жүргеніміз шымылдықтың бері жағы екенін әрі қызыл салған қырғынға азат күнде ақырып баға сұрай алмай отырғанымыз есіңе түскенде шықырлатып тісіңді қайрайсың. Тіпті тас-түйін бекінесің. Бекінгеннен не пайда, бойда батылдық, жүректе ерлік жоқ болған соң. Ішіңнен бір күнде мың өліп отырасың. Өлтіреді. Құр сүлдеріңді сүйретіп, айтқанына көніп, айдағанына жүресің. Өтірікті шын деп, ақсақты тың деп танисың. Танытады. Әйтпесе, баса көктеп басынып, басып алып, қара орман қазақты қойдай қырған кешегі совет өкіметінің 1921-22, 1931-33 жылдардағы қолдан қасақана жасаған ашаршылығын, қанды қол қылмысын аймандай қылып ашып, дүниеге жария етіп, ата құны үшін ата жауымызды дізесін дірілдетіп кешірім сұратып, өтеуін алмас па едік. Ала алмадық. «Алашты аштықпен қырып еді» дегенді күні бүгінге дейін егемен елдің емен есікті еңселі сарайларының биік мінберінен билігі бар жандардың аузынан естуге зар болып келеміз. Ал, қазақ қоғамын өткенін түгендеуден гөрі бүгінгі ет пен терінің арасындағы өткінші нәрселер көп алаңдатады. Сол баяғы дау қуып, қызылкеңірдек болып айтысып, партияға бөлініп тартысып, реті келсе бірін-бірінің қырық жылғы былық-шылығын бетіне басқанына масайып, марғау қалыпта жүріп жатыр.

Қанша ауыр болса да туған тарихымыздың қаралы беттері аз емес. Қазақтың қаны сіңген тарихтың сол парақтарына қарап отырып, рухыңды мәңгі өлтірмеске іштей бекінесің. Шындық деп жүргеніміз шымылдықтың бері жағы екенін әрі қызыл салған қырғынға азат күнде ақырып баға сұрай алмай отырғанымыз есіңе түскенде шықырлатып тісіңді қайрайсың. Тіпті тас-түйін бекінесің. Бекінгеннен не пайда, бойда батылдық, жүректе ерлік жоқ болған соң. Ішіңнен бір күнде мың өліп отырасың. Өлтіреді. Құр сүлдеріңді сүйретіп, айтқанына көніп, айдағанына жүресің. Өтірікті шын деп, ақсақты тың деп танисың. Танытады. Әйтпесе, баса көктеп басынып, басып алып, қара орман қазақты қойдай қырған кешегі совет өкіметінің 1921-22, 1931-33 жылдардағы қолдан қасақана жасаған ашаршылығын, қанды қол қылмысын аймандай қылып ашып, дүниеге жария етіп, ата құны үшін ата жауымызды дізесін дірілдетіп кешірім сұратып, өтеуін алмас па едік. Ала алмадық. «Алашты аштықпен қырып еді» дегенді күні бүгінге дейін егемен елдің емен есікті еңселі сарайларының биік мінберінен билігі бар жандардың аузынан естуге зар болып келеміз. Ал, қазақ қоғамын өткенін түгендеуден гөрі бүгінгі ет пен терінің арасындағы өткінші нәрселер көп алаңдатады. Сол баяғы дау қуып, қызылкеңірдек болып айтысып, партияға бөлініп тартысып, реті келсе бірін-бірінің қырық жылғы былық-шылығын бетіне басқанына масайып, марғау қалыпта жүріп жатыр. Әйтпесе, қазақ қоғамы - жер қайысқан қалың қол табандап тұрып жат жұрттықтардың жезтырнақ саясатының кесірінен баудай боп түсіп, дала мен қалада, айдалада сүйегі ақ жоңқа боп шашылып қалған ата-бабасының құнын, сол бір нәубеттің әділ бағасын алмас па еді.

Бағымызға қарай, өткеніне үңіліп, кешегіні үңги зерттеп, бүгінгі мен болашаққа жеткізуші рөліндегі азаматтар бар. Оғанда шүкір. Әйтпесе, кеңес өкіметінен қызара бөртіп шығып, нұрға малшынып отырған биліктің, қоғамның сиқы, сіз бен біз білетіндей.

Төменде режиссер Қалила Омаровтың 1931-33 жылдардағы ашаршылық жайлы 1992-нші жылы түсірген «Нәубет» деректі фильмін ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Деректі фильм http://kalilafilm.kz/index_kaz.html сайтынан алынды.

 

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1993
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2411
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1968
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576