Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:52

Назарбаев Медведев пен Путинді РФ Мемлекеттік думасына сайлаудағы «Единая Россия» партиясының жеңісімен құттықтады

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министрі Владимир Путинге «Единая Россия» партиясының Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сайлаудағы сенімді жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«Өткен сайлау елде жүргізіліп отырған әлеуметтік, экономикалық, саяси жаңғырту бағытын кең көлемдегі қоғамдық қолдауды көрсетті. Сайлаудың қорытындылары біздің елдеріміздің арасындағы тату көршілестік дәстүрі мен өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік туғызады деп сенемін. Сізге елді одан әрі жаңғырту жөнінде белгіленген міндеттерді іске асыруда үлкен табыстар тілеймін», - делінген Д. Медведевке жолданған жеделхатта.

В. Путинге жолданған жеделхатта «сайлау «Единая Россияның» елдің қоғамдық-саяси өміріндегі жетекші рөлінің жарқын дәлеліне айналды. «Единая Россия» партиясы Ресей Федерациясының белгіленген әлеуметтік-экономикалық реформалар жолы бойынша одан әрі қарқынды алға жылжуын қамтамасыз ете алады деп сенемін. Біз қазақстан-ресей ынтымақтастығын дамытудағы, біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайтудағы Сіздің жеке үлесіңізді Қазақстанда жоғары бағалаймыз», - делінген.

Н. Назарбаев В. Путинге зор денсаулық, жан сергектігін, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде одан әрі табыстар тіледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір