Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6836 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 05:29

Мұтылғанның тағдыры

2011 жылдың 30 қарашасында Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар  аясында Абайдың ақын шәкірті, жазушы, тарихшы, аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеден өткеніне 80 жыл толуына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты сайыс өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірін, мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Сайыс Абай мұражайы директорының орынбасары Садықова Шынар Мұратқызының алғы сөзімен ашылды.

Сайысқа Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. «Мұтылғанның тағдыры» атты сайыс үш бөлімнен тұрды: үй тапсырмасы, сұрақтарға жауап беру және Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу.

Белгілі әншілер Ж.Қамбаров, Г.Еруова Абай, Шәкәрім әндері орындады.

Нәтижесінде М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің «Мұрагер» тобы - І орын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Шәкәрім өрендері» - ІІ орын және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Арға ие» тобы ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Белсенділік көрсетіп, өз өнерлерімен ерекшеленген Арман Шеризатов, Сая Серікболатқызы және қатысушыларды сайысқа дайындаған барлық топтың ұстаздарына  да алғыс  хаттары табысталды.

«Мұтылғанның тағдыры» сайысының соңында қатысушылар өз арнауларын, өлең-жырларын оқып, Шәкәрім әндерін орындап өнерлерін тағы бір қайтара  көрсетті.

Бұл игі шараның демеушісі - Семей қаласының тұрғыны, Қарауыл ауылының тумасы, кәсіпкер Сәдібеков Жансап Шамашұлы.

Сайысқа ғалымдар, ұстаздар, оқу орындарының магистранттары, студенттері қатысты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір