Жұма, 26 Сәуір 2024
2433 0 пікір 29 Шілде, 2020 сағат 16:23

"Талибан" мен Кабул үш күн мерекеде оқ атылмайтынын жариялады

"Талибан" қозғалысы мен Ауғанстан үкіметі Құрбан айт мерекесі кезінде оқ атылмайтынын жариялады.

"Моджахедтердің барлығына мерекенік үш күні мен үш түнінде оқ атуға болмайтыны хабарланды" делінген қозғалыс мәлімдемесінде. Шабуылға ұшыраған жағдайда ғана тәліптер қарумен жауап қайтаратыны айтылды.

Ауғанстан үкіметі қауіпсіздік күштеріне оқ атпау туралы жарлық берілгенін мәлімдеді.

АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы елшісі Залмай Халилзада бейбіт келіссөздерді жалғастыру үшін күш салып жүр. Ол Пәкістанға, Ауғанстанға және "Талибан" қозғалысының саяси кеңсесі орналасқан Катарға сапармен барады.

Құрама Штаттар мен "Талибан" қозғалысы биыл ақпан айында келісімге отырды. Тәліптер АҚШ пен НАТО күштеріне шабуылдауды доғарса да, Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне күнде шабуылдайды.

Abai.kz

0 пікір