Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 2495 1 пікір 29 Шілде, 2020 сағат 15:44

Қазақстанға инфекциялық госпитальдар керек

Коронавирус пандемиясы бүткіл әлемді «аяғынан тік тұрғызды». Қазір бұл инфекциямен 16,5 миллион адам ауырып, 188 елге тараған.

Бүгінгі таңда SARS-CoV-2 –ден ең көп зардап шеккен АҚШ болып отыр. Айта кетерлігі түрлі пікірлерге қарамастан ол ел денсаулық сақтау саласы құйылған ресурстарының көлемі жағынан алдыңғы орында тұр. Қарап отырсақ COVID-19 тіпті Америка Құрама Штаттары сияқты қуатты елдердің медицинасындағы олқылықтарын ашып берді.

Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, мұнда жағдай мүлдем басқаша. Бүгінгі кұні елде 84 648 жағдай тіркелген, оның ішінде 54 404 адам аурудан айығып шықты. Бұл ауырғандардың жалпы санының 63% құрайды. Бұдан бөлек Қазақстанда аурулар саны 29% азайды, ауруханаларда бос емес койкалардың мөлшері 43% азайды. Бұл елде жағдай тұрақталып келеді дегенді білдіреді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз кезегінде 3 тамыздан кейінгі карантин режимін бірте-бірте босаңсыту туралы айтты.

Ауру санының бірте-бірте азаюына бірнеше фактор әсер еткенін айта кету керек.

Бірінші фактор ол - карантин. Қазақстандықтардың шілдеде екі аптаға оқшаулануы оң нәтиже берді. Ауру жұқтырғандардың санын 1700 адамнан асырмай ұстап тұра алдық.

Екіншіден, бізге көмекке келген мәскеулік дәрігерлердің айтқанындай, елді жаппай ПЦР-тестен өткізу және емделу мекемелерінің дайындық деңгейі.

«Қазақстандық дәрігерлер батыл жұмыс істеп жатыр. ПЦР-тестілеу бойынша күнделікті зерттеу коронавирустың мегаполисте қалай тарап жатқанының ақиқатын көрсетеді. Нұр-Сұлтанда әр бесінші стационарда заманауи өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталған койкалар саны жиырмадан кем емес. Тіпті мұндай 40 койкасы бар ауруханалар да бар. Препарат бойынша кез келген бағытта жұмыстар өте жақсы жүргізілуде», – дейді Мытищинск қалалық клиникалық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Сергей Драчук.

Үшіншіденауруханаларды эшелондау яғни пациентерді ауруханаларға және госпитальдарға тарату олардың ауруларының ауырлығына қарай жүргізіледі.

«Қазіргі уақытта елдегі барлық КВИ-ді емдеуге ат салысып жатқан медициналық ұйымдар үш топқа бөлінген. Бірінші категория – өте ауыр және ауыр науқастарға. Бұл стационарлар құрылғылармен және де шұғыл жағдайларға керек барлық қажеттіліктермен қамтылған. Екінші эшелон – науқастың ауру деңгейі орташа болған жағдайда. Мұнда біз койкасы 1705 орынға арналған 15 профилін өзгерткен клиникалар базасында жұмыс істейміз. Үшіншіденемдеуді аяқтауға арналған обсерваторлар. Мұнда біз койка орны 2376 адамға арналған 7 мекемені кіргіздік», - дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Камалжан Надыров.

Ауруханаларды эшелондау өз тиімділігін көрсетті. Егер бұрын стационлардың жүктемесі 90% құраса, ал қазір бұл көрсеткіш 47% дейін түсті.

Төртінші ең маңызды фактор, эпидемия басталғалы вирусологтар, білікті инфекционистер мен ауруханалардың бас дәрігерлері айтып келе жатқан үш ірі қаладағы (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы) мамандандырылған инфекциялық госпитальдардың арқасында ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастарды күтуге мүмкіндік беріп, медициналық қызметкерлер арасында аурудың таралуының алдын алды.

Сонымен қатар, АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Орталық Азиядағы денсаулық сақтау және білім беру кеңсесінің директоры Джошуа Карнстың айтуынша, қазір әлемде дәрігерлердің қауіпсіздігі бірінші орында. Бұл туралы ол Американың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған онлайн-брифингте айтты.

«Бізді әсіресе шұғыл әрекет ету қызметі персоналдарының қауіпсіздігі мазалайды. Олар алғы шепте жүр. Біздің міндет вирустың ауруханаларда таралуының алдын алу», - деп мәлімдеді Карнс.

Инфекциялық ауруханалардың елдің барлық аймағында болуы керек екендігін Десаулық сақтау министрі Алексей Цой да айтқан. Алда бізді күзгі толқын күтіп тұр. Яғни оған сақадай сай болуымыз керек.

«Госпитальдарға қажеттілік екібастан болды, себебі қазір барлық койкалар толған және бізде әр аймақта қосымша орынға қажеттілік бар, оның ішінде жаңа модульды аурухана салынған үш қалада да керек», - деді ОКҚ өткен брифингте министр.

Сарапшылардың сөзінше, мешіттерде, спорткомплекстарда және басқа да бос ғимараттарда ашылған стационарлар ауырған адамды әрдайым сақтап қала алмайды. Оларға барғаннан кейін көбіне науқас бәрі бір арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерге барып жатады. Ал мұндай орындар қазір елге өте қажет. Егер бір инфекция кетсе, оның орнын басқасы басады ғой. Сонымен қатар ДДСҰ әлемде SARS-CoV-2 вирусы тез тарап жатқанын айтты...

1 пікір