Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2876 0 пікір 4 Желтоқсан, 2011 сағат 11:10

Бағыс Жамбы. Бұқарша толғау

Іште пікір өлгенше,
Айтып, айтып берейін,
Қайта құру заманын.
Ақ қағазға түсіріп,
Бұқарша толғап сөйлейін.
Қайта құрып құрытты,
Мойынға салып құрықты.
Бұл зобалаң зорлықтан,
Кім ұтылып, кім ұтты?
Өзгертумен өмірді,
Қаншама тер төгілді.
Еңбегі еш, тұзы сор,
Қанатың халқым сөгілді.
Қайта құру заманы,
Басқа қонар бақ па екен,
Деп жүргенде туған жер,
Болып барад жат мекен.
Абылайдың түсіндей,
Шыбын шіркей болдық па?
Ұзын арқау, кең тұсау,
Кіріп алдық қолтыққа.
Коммунистік қоғамның,
Жетер алғы мақсаты –
Коммунизм деп ту ұстап,
Қаншама жыл қақсатты.
Тісіңнен қағып түсірді,
Жетпіс жылдың жемісін.
Октябрьдің жалғасы,
«Қайта құру» деу үшін.
Отыз жылғы ұлы той,
Әнмен, күймен өтті ғой.
Одан соңғы он бір жыл,
Көз жасты төгіп кетті ғой.
Іртік-іртік із тастап,
Арада өтті жеті жыл.
Октябрьден басталған,
Із түзі жоқ жетім жыл.
Жиырма жылдан түңілтіп,
Тоқырап қалды дегізді.
Арендалық әдіспен,
Ашасың деп көзіңді.
Кооперативке біріктік,
Саудаға салып сау басты.
Түлкі болған заманмен,
Тазы боп елім айқасты.
Он жетідегі дүрбелең,
Жаңғыртты қайта тау-тасты.
Бастан өткен азап сор,
Аз болғандай қазаққа.
Таңдаттырмады басқа жол,

Іште пікір өлгенше,
Айтып, айтып берейін,
Қайта құру заманын.
Ақ қағазға түсіріп,
Бұқарша толғап сөйлейін.
Қайта құрып құрытты,
Мойынға салып құрықты.
Бұл зобалаң зорлықтан,
Кім ұтылып, кім ұтты?
Өзгертумен өмірді,
Қаншама тер төгілді.
Еңбегі еш, тұзы сор,
Қанатың халқым сөгілді.
Қайта құру заманы,
Басқа қонар бақ па екен,
Деп жүргенде туған жер,
Болып барад жат мекен.
Абылайдың түсіндей,
Шыбын шіркей болдық па?
Ұзын арқау, кең тұсау,
Кіріп алдық қолтыққа.
Коммунистік қоғамның,
Жетер алғы мақсаты –
Коммунизм деп ту ұстап,
Қаншама жыл қақсатты.
Тісіңнен қағып түсірді,
Жетпіс жылдың жемісін.
Октябрьдің жалғасы,
«Қайта құру» деу үшін.
Отыз жылғы ұлы той,
Әнмен, күймен өтті ғой.
Одан соңғы он бір жыл,
Көз жасты төгіп кетті ғой.
Іртік-іртік із тастап,
Арада өтті жеті жыл.
Октябрьден басталған,
Із түзі жоқ жетім жыл.
Жиырма жылдан түңілтіп,
Тоқырап қалды дегізді.
Арендалық әдіспен,
Ашасың деп көзіңді.
Кооперативке біріктік,
Саудаға салып сау басты.
Түлкі болған заманмен,
Тазы боп елім айқасты.
Он жетідегі дүрбелең,
Жаңғыртты қайта тау-тасты.
Бастан өткен азап сор,
Аз болғандай қазаққа.
Таңдаттырмады басқа жол,
Қайта құру азабын,
Жоқ жұтаңға тартқызды.
Коммерсантқа жем етіп,
Шаңымызды қаққызды.
Бақыттың басы байланып,
Өтіп кетті бар қызық.
Тағдырымыз талқан боп,
Тарихта кетті жойылып.
Адамзат шіркін қой екен,
Кезекпен жатыр сойылып.
Қазақтың қара шаңырағын,
Алтынмен зерлеп соқтырған,
Адамды тақтан тайдырдық.
Ар намыс бойда жоқтықтан,
Тойғанға қарын мәз болдық.
Қоймадағы еттерге.
Желп-желп еткен халықпыз,
Күмпілдеген жел сөзге.
Құдайдай сендік Колбинге,
Қазақша сөйлеп, бес уақыт,
Намаз да оқимын дегенге.
Дінмұхаммед жинаған,
Шашылды таза мол дүние.
Қызыл көрген қасқырдай,
Қазақтың басты ашуын,
Толтырып етті дүкенге.
Ұлылықты ұлықтап,
Рақымет те айта алмай,
Шөп салдық-ау көзіне.
Бір күнгідей болмады,
Бас игенің сөзіне.
Ер еңбегін еш етіп,
Балағаттаттық балға.
Басыңа бақ орнатқан,
Басқа кім бар қазақта?
Қасым салған қасқа жол,
Сайрап жатты ол барда.
Табиғат тыныш, жан тыныш,
Қой үстіне боз торғай,
Жұмыртқа салды ол барда.
Үш жүздің басын тең ұстап,
Абылайдың ақ туы,
Желбіреп тұрды ол барда.
Хрущов берген жылымық,
Ақтады «халық жауларын».
Атылғандарын тірілтіп,
Өксігін басты, жан зарын.
Қазақ та тауып марқайды,
Тот баспаған асылын.
Әлихан, Ахмет, Міржақып,
Мағжан менен Шәкәрім,
Қол жетпей жүрген арысын.
Бергені қайта құрудың,
Жариялылық дер едім.
Демократиясы  демігіп,
Жел жұтпаса сөздерін.
Жатырмыз қайта құрылып,
Тығырықта тығылып.
Қарауғада шама жоқ,
Не істедік деп бұрылып.
Ұлтшылдықтың негізі,
Ұлылықтан қаланған.
Шовнистік көзқарас,
Биік болып басқадан.
Капиталистен – Коммунист,
Жасап едік бір кезде.
Коммунистен – Капиталист,
Жатырмыз жасап бұл күнде.
Бизнестер келді билікке,
Ұрлықпенен байыған.
Тонап колхоз-совхозды,
Жең ұшынан жалғасып,
Үйренген жеп дайыннан.
Жеңеміз деп жүргенде,
Капитализмді күйретіп.
Базарға шықтық бақ сынап,
Ала дорба сүйретіп.
Қайта құру заманы,
Бітіспейтін дау болды.
Бөлініп ұлтқа, ұлысқа,
Достар тозып жау болды.
Өлгендермен алысып,
Ақ – деп айт деп қараны,
Тырнап ашып жатырмыз,
Жазылып кеткен жараны.
Батыстан бақыт тілеген,
Социализм оңалмас.
«Тоқыраудағы» тоқшылық,
Енді қайтып оралмас.
Қайта құру – жоқшылық,
Жара болды жазылмас.
Іздеп тапқан кеселге,
Іздесең ем табылмас.
Қайта құру кемесін,
Қайырлатты Желтоқсан!
Қаржыларын жұтатып,
Тұралатты ақ арақ!
Жердің дауын даулатып,
Отын жақты Қарабах!
Қайта құру жауы – деп,
Қазақ, Арақ, Қарабах,
Әлі күнге келеміз,
Ел мен жұртты қаралап.
Қайта құру қалайша,
Жемісін бере алады?
Оңды болмай келеді,
Қайта құру талабы.
Қуырылып барады,
Қара жердің танабы.
Тұншықты қара түтінге,
Көк аспанның алабы.
Суалып құрып барады,
Қазақтың Балхаш, Аралы.
Шығысың орыс жері деп,
Қазаққа «мақұл» дегізбек.
Алтынын алып Орталық,
Қордасын бізге көмгізбек.
Көз жасым боп жылайтын,
Құбырмен ақты мұнайым.
Аспандағы емес жердегі
Әмірімен «Құдайдың».
Шешенім жоқ сөз бастар,
Кеудем шерге толады.
Бауыржан жоқ қол бастар,
Сүйегім қайда қалады?
Артын бағып әліптің,
Зиялым қайда жоғалды?
Жетпіс жылғы өмірді,
Зая кетті дегізді.
Алтынға балап арақты,
Қымбатқа нанды жегізді.
Ұлы достық ыдырап,
Балтық кетті басқа боп.
Кавказдықтар қаза боп,
Күндіз түні маза жоқ.
Хрущовтың кезінен,
Қымбаттатты ет – майды.
Ән болса нан болад деп,
Брежнов кетті балпылдап.
Тәртіпке бас идіріп,
Салам деп жөнге халықты.
Андропов кетті көз жұмып,
Арманына жете алмай,
Жүрегіне қан тұнып.
Желтоқсандағы дүрбелең,
Көзін ашты Ельциннің.
Горбачовты жеңіп танкімен,
Қолына алып билікті,
Шешендерге килікті.
Шешен де өлді, орыс та,
Ұлдары еді сүйікті.
Қарусыз майдан ашылды,
Күннен күнге күн суыт
Жазғырма халқым оларды,
Жүргендер деп жын қуып.
Абылай қайта тумайды,
Қазақтың енді бағына.
Ие болар ұл бар ма?
Абылайдың тағына.
Желтоқсанды жырласам,
Аяздай қарып денемді,
Көз алдыма елестеп,
Тұлымдары желкілдеп
Жас өрім қыздар келеді.
Көзі басы көгерген
Көрем жап-жас ұлдарды.
Содан да жаным қиналып,
Жырлай алмай отырмын,
Кібіртіктеп жырымды.
Жарылып бас, көз шығып,
Қан шашылған алаңда,
Солдатты көрем жырынды.
Қолында күрек – Айбалта,
Ұрып жүр жап-жас қызымды.
Қыз, бозбала жастардың,
Аузындағы ұраны,
«Дінмұхаммед Қонаев»,
Неге? Не үшін кетті деп,
Не кінәмен сөкті деп,
Цекадағы дәулердің,
Өз аузынан естімек.
Бұл сұраққа арнайы,
Жауап берер адам жоқ,
«Пленум солай шешті» деп,
Өтірік – шынды бөсті кеп.
Алдарында жастардың,
Кездескендей Жолайрық.
Егеменді ел болып,
Дейді атқа қонайық.
Үзіп бүгін талқандап,
Мойындағы үш жүз жыл,
Темір құрсау – ноқтаны.
Кетсін Колбин сары орыс,
Отырсын таққа қара көз,
Ер қазақтың ұланы.
Осы болды жастардың,
Ауыз бірлік тоқтамы.
Солдаттарда күш басым,
Айбалта-күрек қолында.
Аямайды көз жұмып,
Кім тұрса да алдында.
Бой көрсету – қарсылық,
Басылды күшпен жаншылып.

Алты алаштың алғашқы,
Туын тіккен Есімхан.
Қазақтың қазақ ұлттығын,
Сақтап қалған Жәңгір хан.
Ұлылардың осындай,
Жалғастырған нар ісін,
Дінмұхаммед Қонаев.
Бодандықтың қамытын,
Киседағы Қонаев.
Терезесін тең ұстап,
Билік құрған Қонаев.
Бағын ашты қазақтың,
Ақылменен Қонаев.
Тың көтеріп, қала сап,
Ен байлықтың қазаққа,
Көзін ашты Қонаев.
Егеменді ел болып,
Орындалмады ақ арман.
Қыспағынан нарықтың,
Көз жас ақты жанардан.
Ауыл босып, ел тозды,
Жұмыс іздеп қаладан.
Бағы тайды қазақтың,
Қонаевты қаралап.
Киелі екен жарықтық,
Есімі биік тұр асқақ.

1988-2011 ж.ж.

0 пікір