Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2761 0 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 16:36

АҚШ пен Ресей ядролық қару жөнінде келіссөз жүргізеді

Венада 28 шілдеде АҚШ пен Ресей ядролық қару жөнінде келіссөз жүргізе бастайды. Форум үш күнге созылады.

Келіссөздердің маусым айындағы бірінші раундында АҚШ пен Ресей стратегиялық шабуыл қаруларын (СНВ-3) қысқарту және шектеу туралы келісімді талқылады. Құжат ядролық стратегиялық қарулар санын шектеуді көздейді.

АҚШ президентінің қаруды бақылау жөніндегі арнайы өкілі Маршалл Биллингсли 22-23 маусымда Венада өтен кездесуді қорытындылап, Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков екеуі бірнеше техникалық жұмыс тобын құруға келіскенін мәлімдеді. Екінші кездесу сол топтардың жұмысына байланысты болады.

АҚШ президенті өкілінің айтуынша, қаруға бақылау орнату жөнінде жаңа келісім қабылданады. Бұл құжат ақпанда мерзімі аяқталатын СНВ-3 келісімін алмастырады.

27 шілдеде АҚШ пен Ресей ғарыш қауіпсіздігі мәселелерін талқылаған.

Abai.kz

0 пікір