Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2739 0 пікір 2 Желтоқсан, 2011 сағат 13:49

Қазақстанның құқық қорғау органдарының кинологтарын шетелдерде оқытуға АҚШ $300 мыңдай жаратты

Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ - Давид Ян. АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанның құқық қорғау органдарының инструктор-кинологтарын есірткімен күрес және шекараны нығайту бағдарламасы аясында шетелдерде оқытуға 4 жылда $300 мыңдай жаратты.

«Біздің кинология және есірткімен күрес жөніндегі жоба 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында 4 жыл ішінде $300 мыңдай бөлінді. Осы қаражаттың барлығы Қазақстан кинологтарын Австрияда оқытуға жұмсалды», - деді жұма күні АҚШ елшілігінің есірткімен халықаралық күрес және заңдылықтардың сақталуы жөніндегі бөлімнің бағдарлама бойынша аға менеджері Раушан Қасымбекова.

Оның айтуынша, сол бөлінген қаражат есебінен Қазақстанда аймақтық ведомствоаралық оқулар да өткізілген.

Ол сондай-ақ АҚШ кинологиялық бағдарламаға шамамен $50 мың бөлгенін атап өтті.

Мемлекеттік департамент қаржыландырып отырған тренингі сонымен қатар инструкторлар үшін иттерді сатып алуды да қарастырған.

Шетелде 2,5 айлық тренингте австриялық мамандармен бірге өтетін қазақстандық инструкторлар сол жақтан таңдаған иттерін ведомствоға өздерімен тегін алып кетеді екен.

Оның айтуынша, бір ит, жасы мен жұмыс сапасына қарай 800-ден 2,5 мың еуро шамасында тұрады.

«Әдетте жылына бір оқу бағдарламасы өтеді де оған біз 3-тен 5-ке дейін инструкторлар жібереміз. Демек олар Қазақстанға 3 немесе 5 ит әкеледі», - деді Р. Қасымбекова.

«Қазақстанға әкелінген иттерден екі буын күшіктер алынды. Қазақстан мамандарының айтуынша ол күшіктер де жақсы жұмыс сапасымен туылып жатыр», - деді Р. Қасмымбекова.

0 пікір