Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1521 0 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 15:51

«Нұр Отан» дәрігерлерге қолдауды жалғастыра бермек

Індет ел ішіне тарап, Ақорда мен Үкімет тарапынан тиісті шаралар қабылданған алғашқы күннен бастап Мемлекет басшысы ел азаматтарына, қоғамдық ұйымдарға қайрыла сөйлеп, жарты әлемге тараған бұл кеселді бірлесіп жеңуге үндегені белгілі.

Президенттің үндеуіне алғашқылардың бірі болып қолдау білдірген – «Нұр Отан» партиясы болды. Ал наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пәрмен беріп, елде Төтенше жағдай жарияланғанда «Нұр Отан» партиясы ТЖ кезінде тұрақты табысынан айырылған азаматтарға қаржылай және азық-түлік жағынан көмек ұсынды. Бас партияның бұл көмегін ұзын-ырғасы 1,5 миллионға жуық қазақстандық алған. «Нұр Отандықтар» мен Еріктілер жасағы коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне де қаржылық көмек беріп, олардың отбасыларына тегін азық-түлік қораптарын жеткізгенін осыған дейін жаздық.

Міне, індет өршіп, ел де, ел басқарған азаматтар да абыр-сабырға түскелі 5 айға жуықтады. «Нұр Отан» мүшелері мен Еріктілер тобының қайырымдылық акциясы әлі де жалғасып жатыр екен. Партия белсенділері мен Еріктілер тобы еліміздің өңір-өңірлерінде медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдық көмек көрсетуді жалғастыруда. Енді сол акциялар туралы рет-ретімен айтайық...

Ақмола облысы

Ақмола облысыны «Нұр Отан» партиясының өкілі, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Көкшетауминсулары» АҚ директоры Станислав Максимец карантин жариялғалы бері Алматы, Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларындағы ауруханаларды тегін ауыз сумен қамтамасыз еткен. Аталған кәсіпорын Елорда ауруханаларына 25 тоннаға жуық су жіберген.

Ал  Ақмола облысының тағы бір белсендісі, кәсіпкер Уәлихан Әріпов өз қаражатынан 700 мың теңгеге қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық заттар сатып алып, облыстағы Заречный амбулаториясының медқызметкерлеріне берген.

Павлодар облысы

Павлодар облыстық «Нұр Отан» партиясының белсенді өкілдері жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын қаражатқа  дәрі-дәрмектер мен медициналық заттар алып, өңірдегі медициналық мекемелерге табыстаған.

Атап айтқанда, Павлодардағы №3 қалалық ауруханасының базасындағы провизорлық жатақжайға 5 небулайзер, 3 арба, 10 кушетка, ӨЖЖ аппараттары мен басқа да қажетті заттар бар.

Ал Павлодар облысындағы «Нұр Отан» партиясының кдрлық резервінің мүшесі Нұрлан Ахметбеков провизорлық госпиталь медқызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз еткен. Аталған госпитальда күні бүгінде 70 дәрігер жұмыс жасауда.

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы Ана мен бала орталығында коронавирус инфекциясы анықталған науқастарды емдеуге арналған стационар жұмыс жасап жатыр екен. «Жас Отан» Еріктілері ондағы дәрігерлер мен медқызметкерлерге арнайы әзірленген «Алғыс пакеттерін» табыстаған. Олардың жарпы саны 250-ді құрайды. Еріктілер алдағы уақытта тағы осындай 300 «Алғыс пакеттерінің» таратуды жоспарлап отырған көррінеді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індеті алғаш анықталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елде Төтенше Жағдай жарияланған наурыз айында «Нұр Отан» партиясы мен Тұңғыш Президент қоры бастамашы болып, «Біз бізгеміз» қайырымдылық қоры құрылған болатын. ТЖ кезінде тұрмысы тарылған 1,5 миллионнан астам қазақстандыққа 50 мың теңгелік әлеуметтік жәрдемпұл үлестірілген. Сондай-ақ, бірінші қажеттілікке арналған азық-түгік қораптары ұйымдастырылып, ұзын-саны 1 миллионанн астам отбасына таратылған. Өткенде партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырза аталған жәрдемпұлдың төртінші кезеңі жалғасатынын, партия көмегін 80 мыңнан тастам отбасы алатынын ресми мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672