Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2820 2 пікір 27 Шілде, 2020 сағат 15:14

Зейнетақы қорының 970 млн. доллары шетелдік компаниялардың басқаруында

Қазақстандық зейнетақы қорындағы ақшаның 970 миллион доллары шетелдік компаниялардың басқаруында. Бұл туралы LS сайты жазды. 

БЖЗҚ қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражатының қандай бөлігін шетелдік компаниялар игеріп жатқаны туралы айтыпты. .

БЖЗҚ мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша қадағалаушы агенттіктің сенімді басқаруында 11,8 млрд. теңгенің активтері бар. Олар жыл басынан бері 985 миллиардтан астам теңгеге өскен.

«Шетелдік басқарушы компанияларға берілген зейнетақы активтерінің көлемі 970 млн. долларды құрайды. Оның ішінде:

«Aviva Investors» - дамушы нарықтың ғаламдық облигациясы бойынша $220 млн;

«HSBC Global Asset Management» - «Жаһандық пассивті акциялар» мандаты бойынша 250 млн;

PGIM $300 млн;

Principal Global Investors - «Инвестициялық деңгейі жоғары әлемдік корпоративті облигациялар» мандаты бойынша $200 млн.   

Аударым процесі бірнеше жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде акциялар мен облигациялар нарығына өтудегі тәуекелді азайтады»,- депті БЖЗҚ өкілдері.

Сонымен қатар, зейнетақы қоры 2020 жылдың алғашқы алты айында нарықтық шарттар бойынша бірнеше бағалы қағаздар сатып алғанын хабарлаған.

Олар:

- Қаржы министрлігі шығарған МБҚ 823,3 млрд. теңге, (орташа алынған кіріс жылына 10,5%);

- Қазақстан Даму Банкінің облигациялары 14,9 млрд. теңге, (орташа алынған кіріс 10,97%);

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ 64,3 млрд теңге, (жылдық кірісі 12,5%);

- Аграрлық несие корпорациясының облигациялары 5,6 млрд. теңге, (жылдық кірісі 11,75%).

Бұл қаражаттар Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына сәйкес, 10% кіріс көрсеткіші бойынша инвестицияланды-мыс. БЖЗҚ есебінше, инвестициялық кіріс-шығыс көрсеткіші келесідей болмақ:

- бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде депозиттер және «кері репо» операциялары бойынша 389,8 млрд. теңге;

- бағалы қағаздарды нарықта қайта бағалау шығындары - 8,52 млрд. теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер - 163,85 млрд. теңге;

- басқа активтерді қайта бағалаудан түскен кірістер - (3,91) млрд. теңге;

- сыртқы басқарудағы активтерден түсетін кірістер 20,85 млрд. теңге;

- басқа кірістер 3,6 млрд. теңге.

Жыл басынан бергі инвестициялық кірістің жалпы мөлшері 565,67 млрд. теңгені құраған. 69% немесе 389,8 млрд. теңге сыйақы түрінде есептелген. БЖЗҚ салымшылары үшін соңғы 12 айдағы (2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың маусымына дейін) зейнетақы активтерінің кірісі 7% инфляциямен 8,94%-ға жетіпті. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы инвестициялық кіріс шамамен 30%-ды немесе 3,8 трлн. теңгені құраған екен. Бұл да БЖЗҚ дерегі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2009
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1993
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1581