Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 2 Желтоқсан, 2011 сағат 05:55

Бейсен Ахметұлы. Қаптаған қытайлар мен табанға тапталған заң мен залалға кім кінәлі?

Менің айтайын дегенім - Маңғыстаудағы қаптаған Қытайлар  туралы болатын.  «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ -ның 50 пайыз акциясын иемденген Қытайлар енді мұнай бұрғылау саласы мен газ жеткізу саласына бар күштерін сала кіріскені соншалық,  ағылшын не қазақша аттармен ашылған Бұрғылау компаниялары жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған.

Олардың жағдайын білудіңде мүмкіндігі болды. «Fortress Holding Limited» ЖШС-інде 10 күн жұмыс істеу мүмкіндігінеде ие болдым.  Бүкіл компанияда заңды түрде штатта тіркелген 2 азамат. Бірі - Бухгалтер, енді бірі - Офис менеджері. Ал қалған 6 адам ешқандай келісім-шартсыз жұмыс істейді. 1 директор, 2  орынбасар директор және 2 көлік жүргізуші, заңгер жоқ. Мұның ішінде 3 директорда Қытайлар. Орысша сайрап тұр, Айтпақшы, Ақтауда іс-қағаздар тек ғана орыс тілінде қосымша ағылшын тілдерінде жүреді екен. Сол үшін  ұлтшыл қытайлар орысша оқыған қытайларды қаптатып жіберген. Ағылшындар ашқан «SMITH» ЖШС-ға барғанымызда келісім-шартты ағылшын, орыс тілдерінде жүретініне куә болдым, директордың көмекшісі өзінің 3 жастағы баласын қай тілдегі балабақшаға беретінін білмей жүргенін айтып, ақтау обылыстық әкімшілігінің қауқарсыздығына ренішін білдірді.

Ақтауда өз көзіммен 9 Қытайлық мұнай бұрғылау компанияларын көрдім, көрмегенім қанша екенін Құдай білсін. Олардың барлығы Қытай ұлттық Мұнай компаниясына қарайтын «Батыс мұнай», «Сибу бұрғылау компаниясы», «қытай мұнай химия өнеркәсібі» компаниясы қатарлы Қытайдың мемлекеттік компанияларының тікелей көмегімен бөлініп шыққан қытайлардың жекеменшік компаниялары екен.  Басшылары мен менеджерлерінің барлығы таза қытайлар, ал қазақтар тек ғана көлік жүргізуші неме көмекші бухгалтерлер мен  күзетшілер.  Ісқағаздары орысша және қосымша Қытай тілінде жүреді. Мұны осы айтылған компаниялардың бәрінен көрдім. Компания директорлары мен бай қытайлар аптасына 2 рет жиналыс өткізіп, жұмыс жоспарларын ақылдасады, бұл жиналысқа қазақтарды қойып, жәй қытайларда кіргізілмейді. Яғни, сәрсенбі және сенбі күндері «СИбу» -да не Маңғыстау мұнайгаздың жатақханасында кездеседі.

Әр шетелдік жұмыс күші үшін 4 қазақстандық жұмысқа тартылу керек деген мемлекет қаулысын бұлар білмейді немесе  күзетшілер мен көлік жүргізушілер арқылы  толықтырып отырған болар. Деседе қарашаның 21 жұлдызы таңертең  Жетібай                                               мұнай алқабында орналасқан «Батыс мұнай» ЖШК-іне мердігер болып істейтін  «Fortress Holding Limited» ЖШС-іне қарайтын 301 номерлі бұрғылау бөлімшесіне бара қалдым, қасымда бастығым  бар. Қатарынан екі құдық бұрғылау жүріп жатыр.  Түсте тамақ ішуге сонда қалдым. Сонда таныстарымды да кездестірдім. Мұнда инженерлер тек қытайлар, мөлшермен 10 қытай азаматы қытайша асханаға тамаққа келді, ал қазақ асханасына 10 дай қазақ келді. Таныстарым шуылдап кетті, атын айтпауды өтінген олар мұнда айлық жалақылары 60000 теңге айналасында екенін, 3 айда 1 ай демалысқа баратынын, ал сол 3 айлық жалақыларын қайта жұмықа келгенде алатындарын айтып шағымданды.

-Біздің келмей қалуымыздан қорқып осылай істеп отыр - деп күрсінді -  қазақтардың барлығы Ақтөбеден келгендер екен, олардың айтуынша, Ақтөбеліктерге жалақы аз төленеді, бұл жалақыға Ақтаулықтар келмейді, оның үстіне бізге Ақтөбеде жұмыс істеп жатқандар есебінде  экологияға қатысты 1.8 коэфицент төленбейді. Сонымен 3 айда 12000 теңге жалақыға амалсыз байланып жүрміз деп -  жыламсырады атын айтпауды өтінген жігіт ағасы.

Директор ДУ мырзаның айтуынша, бұларға тендерді жеңіп алу қиындық тудырмайды, себебі тендерлерді «ҚҰМК» мен «Самурық-қазына» ӘҚ ұйымдастырды, мұнда ақшаны қытай тарапы шығаратындықтан тендерді кімге беруді қытайлар шешеді немесе мұндағы жеке компаниялардың  «крышалары» -  сол бастық қытайлар.

«Қаражамбас мұнайгаз» АҚ, Қаламқас кеніштерінің  қара алтынын бауырына басқан қытайлардың заңсыз қылықтары жергілікті халықтыда ығыр қылып біткен. Енді «Өзен мұнайгаз» АҚ-ын алып қою ма деп алаңдайды, онда әрине, жұмыссыздар көбейіп ғана қоймай, жалақыларыда неше есе қысқарады ғой.

Заңсыздықтарды қысқартып айтқанда төмендегідей жинақтауға болады:

Тіл заңы аяққа тапталып жатыр, құзырлы органдар бұл жағыдайды қадағаласа біраз адам тілге қажеттілік есебінен жұмысқа ие болар ма еді.

Еңбек кодексі  елеусіз. Қытайлардың жекеменшік және үкіметтік (мысалы «Ссбу» мен «Батыс мұнай»,  «Fortress Holding Limited» ЖШС) компаниялары жұмысшыларды басқа обылыстардан тарту арқылы жергілікті халықтың  мүддесіне зиянын тигізуде, сонымен бірге арзан еңбек күштерді төмен жалақымен қанап ғана қоймай, намыстарын таптауда. Жұмыс бөліс тәртібінде теңгермеушілік көрінуде.

Құжаттары жүйесіз болсада емін-еркін жұмыс жасауда. Қазақ жұмысшылар төмен жалақымен қара жұмысқа ал, қытайлар жоғары жалақымен инженер. Кей орындарда қытайлардың саны  қазақтардан көп.

Көздерін жіпситіп, асханда отырып қақырынып, түкіріне беретін қара қытайлардан мен кететін күні екеуі келіп майлы жұмысқа орналасып жатты. Осыны көргенде қасиетті бабамыз Асан қайғының Маңғыстау туралы айтқан сөзі еріксіз есіме түсті:  «жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен жер екен, қойны-қонышы толған қазна,  бірақ халқына қазынасының қайыры болмайтын жер». Мүмкін солайда шығар десе де Маңғытау әкімшілігінің осы заң бұзушылықтарды көре тұрып көрмеске салған құлықсыздығы мен мемлекеттік тілді көпе-көрінеу таптатып қойғанын көріп қарным ашып қайтты.

01.12.2011 Ақтау

«Абай-ақпарат»

0 пікір