Сенбі, 18 Мамыр 2024
2032 0 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 12:51

Қазақстанда 1025 соғыс ардагері бар

Биыл адамзат баласын ауыр күндерге қалдырған сүркейлі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толды. Бұл соғыста Қазақстан даласынан бір миллион екі жүз мың жануынгер аттанған. Оның үштен бірі майдан даласынан қайтпай қалды. Соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер ерліктің үлгісін көрсетіп, майданның алдыңғы шебінде жүрді.

Соғыс аяқталып, елге оралған майдангерлер үлкен құрметке бөленді. Олар осындай құрметке лайық. Мемлекет екінші дүние жүзілік соғыстың ардагерлерін ешқашан естен шығарған емес. Ол кісілерді құрметтеп, мемлекет тарапынан көмектер, жеңлідіктер беріліп тұрады. Өкінішке қарай, сол соғысқа қатысқан ардагерлердің қатары күн сайын сиреп барады. Алайда, ардагерлерге Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар аз емес екенін айтып отырмыз.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардегерлерге қамқорлық таныту туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та мәлімдеген болатын. Тұтас әлемді табанынан тік тұрғызған коронавирус пандемиямен тұспа-тұс келген күннің өзінде ешбір соғыс ардагері мемлекет қамқорлығынан тыс қалған жоқ. Еліміздің әр өңірінде майдангер-ардагерлеріне мемлекет тарапынан жәрдем беріліп жатыр. Биыл екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің жетпіс бес жылдығына орай ардагерлерге көлемді ақшалай әлеуметтік көмек табысталды. Мұндай мысалдар өте көп. Әр облыс, әр аудан өз өңіріндегі майдангерлерді марапаттап жатыр. Біз бүгін соның бір парасын ғана жазамыз. Сол арақылы аталар ерлігін ертеңге үлгі етсек дейміз.

Сөзімізге дәлел ретінде алдымен Жамбыл облысында майдангерлерге көрсетілген құрмет, берілген әлеуметтік көмек жайлы айта кетейік. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай Жамбыл облысында тұратын 57 соғыс ардагеріне миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек жасалған.

Олардың ішінде соғыс жылдарында тылда еңбек етке төрт ыңнан астам ардагерге 50 мың теңгеден берілді. Ал, соғысқа қатысқан 350 майдангердің және соғыста мүгедек болып қалған ардагерлердің отбасына да 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек тағайындалған.

Ал, соғысқа қатысушы мен мүгедектерге теңестірілген 1989 адамға 100 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек берілді. Сонымен қатар, Ленинград қоршауының бұрынғы тұтқындары мен концлагердің байырғы тұтқындарына да 60 мың теңге көмек берілді. Айта кетейік, өңірде 6 650 адамға бір реттік әлеуметтік көмек тағайындау үшін 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жалпы алғанда, соңғы мәліметтерге сай Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысқа үлес қосқан 1025 соғыс ардагері мен 123 мыңнан астам соғыс мүгедектері бар. 2020 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай 124 242 ардагерге бір реттік әлеуметтік көмек берілген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ардагерлерге материалдық көмек беруге жергілікті бюджеттен 7,6 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, республиканың жеті өңірінде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері бір реттік әлеуметтік көмек алған. Ол өңірлер: Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Алматы және Астана.

Ал, екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың ерлігі жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын.

Бұл – туған жерін қорғап қалған аталарымыз бен әкелерімізді ұлықтайтын күн. Сол соғыста қазақстандықтар жанқиярлық пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Қазақстаннан сол соғысқа 1 миллион 200 мың азамат қатысып, олардың жартысы отанға оралмады.

Сол қанқұйлы жылдарда Қазақстанға көшірілген жүздеген өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарда мыңдаған отандастарымыз қалтқысыз еңбек етіп, соғыстың аяқталуына үлкен үлес қосты. Соғыстағы атылған әр он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Қарапайым ауыл тұрғындары жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етті.

Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетов, Сергей Луганский тағы басқа да даңқты батырлардың есімдері біздің есімізде мәңгі сақталады.

Біз ержүрек аға –апаларымыздың алдында мәңгі қарыздармыз»,-деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Осының негізінде жуырда Мемлекет басшысы Мәскеудегі қызыл алаңда өткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына арналған әскери парадқа қатысып, “Белгісіз солдат” қабіріне гүл шоғын қойды.

Аталған салтанатты шеруге Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты. Жалпы алғанда, ТМД мен басқа да шет елдердің қарулы күштерінен құралған 13 топ сап түзеп, салтанатты шеру жасады. Аталған шараға жалпы 13 мыңнан аста әскери қызметкер, әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты мен 216 әскери техника жұмылдырылған.

Ұшқыштар, жаяу әскер, инженерлер, матростар, барлаушылар және шекарашылар киімін киген әскерилер Мәкеудің Қызыл алаңымен жүріп өтті. Ал шеруге қатысатын шетелдіктердің арасында Қазақстан Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері де бар.

Бұл салтанатты шеру РФ Президенті Владимир Путиннің бастамаымен ұйымдастырылған аталмыш шараға Қазақстан Президентінен бөлек, Молдова Президенті Игорь Додон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Белорусь Президенті Александр Лукашенко,  сербтерден Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Милорад Додик, Тәжікстан Президенті Эмомали  Рахмон, Сербия Президенті Александр Вучич және бірнеше халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Жалпы, алғанда екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі жөнінде бірнеше кітаптар жазылып, бірқатар фильмдер түсірілді. Мұның барлығы да сол соғыста қаза тапқан жауынгерлерді кейінгі ұрпақ санасынан өшірмеу мақсатында жасалып жатқаны ақиқат. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының ардагерлерге жасап жатқан құрметінің жөні бөлек. Алдағы уақытта да соғыс арадгерлерінің бірде бірі Мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2300
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646