Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3207 2 пікір 25 Шілде, 2020 сағат 14:38

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Қанат Алпысбаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның алдында бұл қызметті Сәкен Сәрсенов атқарған.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды», - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі өкілі.

Қанат Алпысбаев 1972 жылы 31 наурызда Атбасар қаласында (Ақмола облысы) дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірген. Магистр дәрежесі бар.

Бұған дейін Қанат Алпысбаев  «Самұрық-Қазына»  қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры болған, 2008-2018 жылдар аралығында  « Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ - Қазақстанның ұлттық пошта байланысының операторы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2493
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678