Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3525 0 пікір 24 Шілде, 2020 сағат 19:35

Ұлттық музыкалық танымдық телебағдарлама эфирге шығады

26 шілдеден бастап дәстүрлі музыка мен оның тарихынан сыр шертетін «Күміс көмей» ұлттық музыкалық танымдық бағдарламасы эфирге шығады. Жаңа тележобаны «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ұсынады.

Ұлттық музыканы дәріптеу мақсатында қолға алынған жобаға С. Жанпейісова, Т. Нұркенов, Е. Шүкіман, М. Мықтыбаев, Е. Қосбармақов, А. Ноғайбаева, Е. Рысқали, Т. Кененқызы, О. Құлсымақ, А. Өтешов, Г. Сарина, П. Тұрарова, Б. Бәбіжан сынды елге танымал өнерпаздар қатысады.

Қатысушылар домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, сырнай, жетіген, т.б. аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері мен күй-термелер орындап, карантиндегі шектеулерге байланысты ұлттық өнерден қол үзіп қалған талғампаз көрерменді әсем әуендермен сусындатады. Сондай-ақ телебағдарламада ұлттық музыканың бастауында тұрған халық композиторлары шығармашылығы мен халық әндерінің, дәстүрлі музыка мектептерінің тарихына саяхат жасалады.

Бағдарлама жүргізушісі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова. Жоба «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан әр жексенбі 20:00-де эфирге шығады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2493
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678