Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2776 0 пікір 2 Желтоқсан, 2011 сағат 04:52

ОҚО Сайрам ауданында Т1 млрд көлеміндегі салық түсімдері әлеуметтік нысандардың құрылысына және жөндеуге жұмсалды

Шымкент. 2 желтоқсан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында аудандық бюджет қаржысына 2 мектеп пен спорт кешені салынды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«Жалпы жергілікті бюджет қаржысының 1 млрд теңгесін биыл әлеуметтік нысандарға жұмсадық», - деп хабарлады Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров жұма күні.

ОҚО тәжірибесінде алғаш рет ірі нысандар аудандық бюджет қаржысына салынды. «2010 жылдың басынан осы күнге дейін аудандық бюджетке түсімдер 1,5 млрд-тан 3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл түсімдерді маңызды әлеуметтік мәселелерге жұмсау туралы шешім қабылданды», - деп атап көрсетті У. Қайназаров.

Оның айтуынша, салық түсімдерінің өсуіне бірінші кезекте, өнеркәсіптің, шағын және орта бизнестің дамуы әсер еткен. «Екі жылда өнеркәсіп өндірісі 30%-ға артты. Шағын және орта бизнестен түсімдер 15%-ға артып, 2010 жылмен салыстырғанда 250 млн теңгеден асты», - деп мәлім етті аудан әкімі.

Оның мәліметтеріне сәйкес, №98 мектептің оқу корпустары күрделі жөндеуден өткізілді. Осы мектеп үшін шеберханалары, акт және спорт залдары бар жаңа ғимарат салынды. Қажет жабдықтардың бәрі сатып алынды, оның ішінде компьютер сыныбы мен 3 интерактивті тақта бар. Жалпы шығын Т244 млнқұрады. 440 оқушыға арналған апатты мектеп бұзылып, қайта салынды. Екі оқу корпусының, қазандық пен спорт залының құрылысына Т235 млн жұмсалды. Т215 млн спорт кешенінің құрылысына бағытталды.

Бұдан басқа, Жібек жолы ауылының ауыз су мәселесін шешуге Т300 млн бөлінді.

«На 290 млн теңгеге 9 мектеп пен бір балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілді. 45 млн теңге 11 мектептің жылыту жүйелерін көмірден газға көшіруге жұмсалды», - деді У. Қайназаров.

Оның айтуынша, келесі жылы аудан өз қаржысы есебінен иағы 3 жаңа мектеп салуды жоспарлап отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1316
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1069
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1119