Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3051 1 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 13:33

Екі министрліктің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Цифрлық даму және Білім және ғылым министрілігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Агенттік басшысы пандемия барлық мемлекетті, мемлекеттік басқару жүйесін және қалыптасқан бизнес-процестерді қайта қалыптастыру арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, сондай-ақ өзгерістерді тиімді басқаруға шындап ойлануға әкеліп соққанын атап өтті.

"Бүгінде әлемде мемлекеттік басқаруды жеделдету, цифрландыру мәселесі өзекті. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада жеңуге болатынын көрсетті.

Сондықтан біз бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қоюымыз қажет. Осы тұрғыда қазіргі уақытта Цифрлық даму және Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанымызды мәлімдегім келеді", - деді Шпекбаев жарты жылдықтың қорытынды бойынша Агенттіктің алқа отырысында.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670