Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3644 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 05:29

Серік Елікбай. Өлдің қазақ, қор болдың...

Иә, сонымен билік басына Путин қайта келмек... Әміршіл, қаныпезер, әзәзіл Путин жұрт алдына шығып азуын көрсетті. Әрине, бұл мұқалған, жұқарған тістер. Бірақ осы тістер Тәжікстан секілді бос тірсек, Қазақстан секілді қалтаң жұрттың қанын ағызуға анық жетеді. Тәжікстанда қолға түскен екі қылмыскер ұшқышты, ештемеге қарамастан тәжіктерді тентіретіп отырып қайтарып алды. Арыстан емес, көк долы көкбөрі емес, қашып-пысып тау басына шығып кеткен, қызыл кітапта қалған барыс болып кеткен Қазақтың Ресейге қарсы күші қайда... Бостандығын қаңтарда дірілдей жариялаған, әнұранын шатасып әрең тапқан, сөз авторына плагиаттық жасап таласқан, символына мысықмінез қысық көз барысты алған жұрт басында белі бос, жібі шешулі еді. Егемендігіміздің бастау бұлағы ластау басталғандай ма...

Солай желтоқсанда қазақтың ұл-қызының күре тамырын күрекпен қиған КГБ өкілі Путин билікке келеді. Дәл осыған жауаптай біз де КГБ да болған жанға өкімет тізгінін ұстаттық. Осыны басқарып отырған жан Ресейге барып қызметте болып, ақыл алып қайтқандай...

Путин биік мінбеде өз бәсекелестеріне: «олар СССР-ді таратқан» деп лағынет айтты. СССР-ді таратқан Путинді билікке әкелген Ельцин болатын. Демек Путин өтірікші, мұттайым, жалған сөзді саясаткер екенін көрсетті. Ал Ельцинге Ресейдегі жеке билік керек болды. Ресейді талау әлі жалғасу да, жалғасады да.

Путин Ресейдің бостан БАҚ-тарын тас-талқан етті. Журналистикадағы аса ірі құбылыс Гусинский холдингінің сүйегін сындырып, күлін шашып жіберді. Демек Путин билікке келуге байланысты Қазақстандағы там-тұм тәуелсіз ақпарат одан ары тұншықтырылады. Әсіресе «Абай», «Маса», «Азаттық» секілді сайттар найза ұшында болмақ...

Путин Ресейдегі ұлтшылдықты ту етіп көтеріп, ұлтшыл идеологияға бүкіл мемлекет күшін жұмылдырды. Террористерді «дәретханада да құртатынын» айтып билікке келген Путинге міне, біз де тақауда үн қостық. Бірақ Путиннен айырмашылығымыз біз мұсылман болатынбыз. Жириновскийде сөз, Путинде оқ бар. Әрине, соңғысы қауіпті. Путин билікке орыстық ұлтшыл идеямен келеді. Ол Ресейдегі өзге ұлтшылдық ошақтардың бәрін сөндіреді. Дағыстанды құтқармаққа аттанған Ишкерия әскеріне Жохар қалада бата берген үлкен Қадыровтың, имам Қадыровтың ұлы - кіші Қадыров президент. Біз көз алдымызда кейінгі ұрпақ сенбес трагедияларды көрудеміз. Әсем Грозныйдың артындағы көз-жас тақау арада экранға шықпайды... Ресеймен әбден қойындасып болған соң біз де біраз ұлтшыл жандарды құрбандыққа шалармыз. «Ресей жауы» деген сөз тым бадырайып көзге ұрады. «Халық жауы», «Достық жауы» секілді сыңғырлы, сайтани сөз табылар.

Әрине, үйренген Ресейім дерсіз... Бірақ дәл Ресей империясындай қазақты құшақтап отырып, тұншықтырған ешкім жоқ... Әбілқайыр өлімі, Кененің басы, Шоқан өлімі, Абай құсасы бәрін тізу мүмкін емес. Бұхар көрген қауіп осы. Қара шегірткеше қаптаған қара шекпенділер. 1916 жылғы қырғын. Қазан өңкерісіндегі қырғын. Ұлы аштық. 1937 жылғы қасап. 1941-1945 жылғы қойдай тоғытылған қазақ. Қашан орыс сенің қаныңды аз іштім деп еді. Енді тағы ішпек. Қайығын тосып үйренген ағаларымыз бар байлықты туысына үлестіріп беріп талтайып тұр. Тағы біз ауылда, дауылда, ауырда қалдық. Жиырма жыл «жар-жар» айттық. Жаназамыз алыс емес. Билік сайлаумен әуре. Халық тойлаумен әуре. Жат аяғыңды байлаумен әуре.

Трагикомедия. Көрермен болып көруге болады. Кейіпкер болып өлуге болады. Күлуге болмайды. Жылауға болмайды. Өміріңізге кауіпті...

«Маса-ақпарат»

0 пікір