Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3273 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 04:53

Қуандық Шамахайұлы. Соқыр сенімнің бұғауы да берік

Қайран есіл ер Сұлтанмахмұд Торайғыров «қараңғы қазақ төріне өрмелеп шығып күн боламын» - деп айтса айтқандай-ақ дерсің.  «Қараңғы адамдардың» тезарада ағарып кететіндігіне Гераклит те аса сенбеген. Гераклит сынды ешкімге бет қаратпайтын тентектің өзі надандарға төтеп бере алмаған соң таудың биігіне қарай жол тартқан ғой. Бірақ, өзін ортадан тым қашықта оқшаулап тастады. Ал, халықтың бел ортасында болып, оларды жанындай жақсы көріп, өзінің бар әлеуеті мен қабілетін көптің игілігіне арнаған ғұламалар да тарихта баршылық. Солардың бірі - данышпан Эмпедокл еді.

Ол да өз кезегінде ақсүйектер әулетінде туып-өсті. Оның атасы Сициллиядағы Акрагант қаласын басқарған. Еш өкінбестен патша тағынан өз еркімен бас тартқандығымен ақылдылық танытып, айналасының құрметіне бөленген басшы еді. Эмпедокл де миларының аздығына қарамай мұрындарын шүйіріп, маңғазаданған түр көрсетіп жүретін байлар мен билікқұмарлардың хас жауына айналған адам. Ол әрдайым азат азаматтардың тең еріктілігі үшін күресті. Оның пешенесіне Акрагант қаласында халықтың үкімет билігін қолға алуларын көру жазылған екен. Халық билігін әлдебір тоғышар топастың пайдаланып кетпеуі үшін ол барын салды. Көп жиналған жерде өздерін көрсетіп қалғылары келіп, әлдеріне қарамай тыраштанатындарды ол ащы әзіл-сықақпен шенеп отырды.

Ол кісінің халық үшін жан аямай еңбектенгені тіпті адам таңданарлықтай ғажап. Бірде Селинунт қаласы маңындағы өзен былғанып, жұрт арасында оба тарайды. Адамдар топ-тобымен қынадай қырылады. Эмпедокл бір амалын табады. Жеке қаражатымен арық қаздырып, дарияны алыстағы екі өзенмен қосады. Сонда суы тазарып, бүкіл қала өлім қаупінен құтылады. Халық игілігі үшін жасаған оның істері жайында тарихи деректер көп. Адамдар оны қатардағы адамнан гөрі Жаратушының жердегі өкіліне көбірек ұқсататын көрінеді. Оны іздеген жандар патша сарайынан емес, көбінесе халықтың қайнаған ортасынан табар еді. Оның басты ерекшелігі - өзінің телегей теңіз білімін мейлінше, көп адамға дарытуға тырысуы болатын. «Адамның ақыл-ойы үнемі жаңа дүниеге келгенде бөгеледі» дегенді айтқан ол қарапайым жандармен пікірлесуді, қызықтары мен қиындықтарын бөлісуді, халықтың білім-пайымын кеңейтуді өзіне міндет санады.

Эмпедокл ғұлама шын мәнінде, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклиттердің бастаған істерін жалғастырушы еді. Ол дүние әлемін от, су, топырақ, ауа төрт негізгі элементтен тұрады деп білді. Осы төртеуінің бірлігі белгілі бір заттың пайда болуына және ыдырап құрып кетуіне итермелейді деді. Алайда, еш нәрсе түбегейлі құрып кетпейді және құр бос кеңістіктен ештеңе пайда болмайды. Адамның өлуі мен дүниеге келуі дегеніміз бірігу және ыдыраудан тұратын үрдіс. Бірліктен (единица) көп пайда болады, көптен біртұтастыққа айналу да бар.

Бойында шыбын жаны барлардың бәрін жарылқаушы күн сәулесі, терең әжіммен беті айғыздалған жер ана, күші буырқанып тұрса да желсіз күнде сабырлы да байсалды теңіз, мұхиттар жаралмаған дәуір де өткен. Ол тұста бар дүние өзара жауласып жатты. Қысқасы, дүние атаулының үйлесім таппаған кезеңі. Ақыры осы үйлесім барлығын формаларға көшірді. Салыстырмалы түрде айтқанда, суретшінің табиғатты бір сәтте барлық жан-жануарларымен қоса сала алмайтыны секілді.

Кейін күн, ай, жұлдыздар әлемі, жер шары, теңіз, мұхиттар пайда болды. Төрт заттың бірлігінен тірі организм шықты. Алғаш денесіз бас, иықсыз қол, маңдайсыз көз әлемді кезіп жүрді. Сөйтіп жүріп кездесті де өзара қосылды. Алайда, бір сорақысы, екі басты жануарлар, адам басты сиырлар, сиыр басты адамдар пайда болды. Дегенмен, ол тажалдар біртіндеп жоғалып адам мен хайуандар өз үйлесіміне қарай орындарын тапты...Эмпидокл осылай дәріс оқыды.

Оның айтқан әңгімелері тыңдаған жандардың көңілдеріне дереу қона кетпеді. Дүниенің қалай жаралғанын түсіну олар үшін аса ауыр еді.  Эмпидокл бәрін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Барлық дүние заңдылықтың талабымен түпкілікті микро заттардың бірлігінің нәтижесінде пайда болды дегенді түсіндірмек болды. Алайда, өздері тірі Құдай санап табынған данышпанның айтқан сөзіне адамдар илана алмады. Тіпті ол өлген соң талай жыл өтсе де ұлы ұстазын тіріге санайтындар көп болған екен.  Эмпидокл ілімінің өзі бірге жүріп, біте қайнаған ортасында да сіңбеуі, ешқайсын иландыра алмауы - соқыр сенімнің бұғауы тым берік болатындығын айғақтап кетсе керек.

"Абай-ақпарат"

0 пікір