Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3251 0 пікір 29 Қараша, 2011 сағат 12:16

БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

2011 жылдың 30 қарашасында сағат 18.30-да Өскемен қаласының «ULBА» Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Өз елім» атты республикалық фестивалі өткізіледі.

«Өз елім» атты республикалық фестивальдің  өзектілігі Қазақ халқының ән-жыры, мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелі жетілдіріп отыруымен айқындалады. Сондай-ақ, бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі - жергілікті халықтың төл мәдениетін жақсы білетін, осында тұратын әр-ұлт өкілдерінің  қазақтың өнерін сүйетін, елдің болашағына тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Мемлекеттің осы тұрғыдағы міндеті - елімізде өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық рухта, қазақ халқының төл мәдениетіне деген сүйіспеншілік рухта тәрбиелеу.

Осы  фестиваль халықтың әлеуеті мен ізгілік бағдарын паш етіп, оның  достық қарым-қатынасы арқылы,  өнерін байытқан және ұрпақтар жалғастығының сенімді тірегіне айналған рухани мұраны насихаттауға негіз болады.

Қазақстанда  тұратын басқа ұлт өкілдерінің «Өз елім» атты республикалық фестивалі  мақсаты:

Ø  Қазақстанда  тұратын басқа ұлт өкілдері арқылы  қазақ ұлтының тілін, мәдениеті мен өнерінің құрметін арттыруға арналған.  Олар бір шаңырақ астында еңбек етіп, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп,  жергілікті ұлттың рухани дәстүрлерін  жас ұрпаққа насихаттау.

Ø  Халықтар достығын, ел бірлігін, отаншылдықты дәріптеу.

Ø  Шығыс Қазақстан өлкесіндегі басқа ұлт өкілдерінің шығармашылығын халыққа кеңінен таныстыру арқылы дамыту.

Ø  Облыс жұртшылығын ән өнерімен сусындату.

Күтілетін нәтижелер

біріншіден, өз ұлтымыздың мол мұрасын қоғамның игілігіне айналдыруға, мемлекеттіліктің рухани негізі болып табылатын ұлттың тарихи санасын кеңейтуге және оның рөлін күшейтуге;

екіншіден, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыруға;

үшіншіден, елдегі этносаралық өзара түсіністіктің артуы мен ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне оң әсерін тигізуге ықпал етеді.

Фестиваль қатысушылары:

Ø  Басқа ұлт өкілдері арасындағы республикаға танымал әнші-сазгерлер, өнер ұжымдары;

Ø   Республикадағы өзге ұлт өкілдерінің өнер қайраткерлері;

1. Павлодар облысынан - Кривобоков Евгений, Верещак Александр;

2. Алматы обласынан - Кибар Ишагов, Ксения Архипова;

3. Карағанды обласынан - Талашев Казбек;

4. Шымкент қаласынан - Татьяна Баркая;

5. Сонымен қатар, ШҚО өзге ұлт өкілдерінің өнер ұжымдары қатысады;

Шараны жүргізушілер:

Сахаров Игорь, Қарбаева Гүлнар, Ахметова Мадина.

Фестивальді ұйымдастырушылар:

Ø  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет  басқармасы;

Қосымша ақпаратты 8(7232)-26-30-63, 53-74-42, 53-74-43 телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар

0 пікір