Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3699 12 пікір 18 Шілде, 2020 сағат 16:41

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны Ресейден сатып алады

Бүгін Беларусь астанасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті жиыны өтті. Сол жиында Қазақстанның премьері Асқар Мамин Ресей премьері Михаил Мишустинмен жүзбе-жүз жеке кездескен.

«Sputniknews.kz» сайты екі ел премьерлерінің екеуара әңгімесінен аз-кем ақпарат шығарыпты. Әңгіме барысында Асқар Мамин коронавируспен күресте Қазақстанға көрсетіп жатқан Ресейдің көмегі үшін, атап айтқанда дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар түріндегі гуманитарлық жүк пен Қазақстанға жіберілген 30 шақты дәрігер үшін Мишустинге алғыс айтыпты.

«Ең маңыздысы біз Қазақстанға келіп, өңір-өңірлерде көмектесіп жүрген Ресейлік дәрігерлердің кеңесін алдық», - депті Мамин.

Ол сондай-ақ, Ресей ғалымдары әзірлеп, қазір сынақтан өткізіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы да айтқан екен.

«Михаил Владимирович, осыған байланысты, вакцина өндірісі басталған кезде Қазақстан ол вакцинаны алғашқылардың бірі болып алады деп үміттенемін. Бұл өте маңызды», - депті Асқар Ұзақбайұлы. Бұл ақпаратты орыс сайттары да сүйіншілеп жазып, таратып жатыр екен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ғана Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталғаны хабарланған еді. Имуннобиологиялық дәрі-дәрмек және басқа да медициналық өнімдер шығаратын биофармацевтикалық зауыт Жамбыл облысы, Қордай ауданында салынатыны айтылған. Оның жобалық құжаттарына Үкіметтік резервтен 685,8 миллион теңге бөлінген.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670