Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Коронавирус 2793 4 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 14:54

Жол жөндеуге бөлінген қаржы індетпен күреске жұмсалсын...

Өкінішке орай короновирус індетінің бірінші толқынын ауыздықтай алмай жатқанда, жығылғанға жұдырық дегендей оған пневмония қосылды. Бүгінгі таңда коронавирусқа шалдыққандар саны 60 мыңнан асты. Маусым айында пневмонияға 623 адам шалдыққан, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе жоғары.

1-8 шілде аралығында 56 809 науқас тіркеліп, 39 702-нің этиологиясы короновируспен бірдей, 9789 бактериялы екені анықталыпты. Жарты жылда пневмониядан 1780, короновирустан 375 адам қайтыс болған, сауыққандары - 33814 адам. Соңғы кезде Қазақстанда кең таралған пневмонияны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы короновирус індетінің бір түрі деген болжам жасады. Осыны ескерсек, бүгінгі таңда бұл ауруға шалдыққандар 250 мыңнан, қайтыс болғандар 2 мыңнан асты.

Короновирус елімізде жаңа тарала бастаған кезде мыңдаған алыс және шетелдерден оралған азаматтарды екі апта карантинде ұстап, ұшақ пен поезда және қоғамдық орындарда науқас адаммен бірге болғандарды провизорлық емханаларға жатқызып, миллиардтаған қаражат жұмсасақ, бүгінгі таңда онымен жеңіл және орташа дәрежеде ауырғандарды үйде жатып емдел деп кеңес берілуде. Індеттің таралуын шектеу үшін елімізде екі ай төтенше жағдай жарияланып, қалаларда блокпостылар қойылып, автокөлік қатынастары тоқталып, азаматтардың көшеге шығуы қатаң шектелді. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде КВ шалдыққан адам байқалса, ғимарат карантинге алынып, кіреберістері мен айналасы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында халық көп жүретін көшелер мен саябақтар,  аялдамалар залалсыздандырылды.

Әрине санитарлық гигинеалық тұрғыдан бұл шара қажет болған шығар, бірақ вирустың жоғарғы температураға берік, оны жоятын бірде бір химиялық зат жоқ екенін ескерсек, миллиаррдатаған бюджет қаражаты босқа ысырап болды. Мамыр айында короновируспен күресуге 6 триллион теңге немесе 13 миллиард доллар, ЖІӨ-нің 8%-ына жуық қаржы жұмсалыпты деген ақпарат болды. Жақында тағайындалған денсаулық сақтау министр А. Цойдың ресми мәліметі бойынша 114 млрд 826 млн, Қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлдың мәліметіне сәйкес 191,9 миллиард теңге жұмсалыпты. 

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі мен республиканың Бас санитарлық дәрігері ұсынған шаралар короновирустың таралуын шектеуде  нақты нәтже бермегенін, жауапты шенеуніктер мен ғалымдардың болжамы ақталмағанын мойындауға мәжбүр болдық. Қазақстан телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасы ұйымдастырған, министрлік өкілі мен мамандар қатысқан хабарды тұрақты көріп жүрдім. Алғаш вирус инфекциясынан сақтанудың негізгі жолы -  азаматтардың бетперде пайдалануы екеніне мүлде назар аударылмады. Себебі кейін белгілі болды, дәріханаларда ол  тапшы екен, алыпсатарлар мұқтаджықты пайдаланып бағасын еселеп сатып, пайдаға кенелу үшін алып қойған екен.

Вирус инфекциясы кеселге шалдыққан адамдар түшкіріп, жөтелгенде ауаға таралып, көбінесе сол арқылы жұғатындықтан Қытай мамандары бетперде пайдалануды кеселден сақтанудың бірінші шарты деп есептейді. Келесі шарттар науқас адамдармен қатынаста болмауға тырысу немесе белгілі қашықтық сақтау, қолды жиі сабындап жуу. Аталған хабарға бірнеше рет қатысқан профессор Д. Байшева инфекция тіптен науқас адам отырған орындық пен диваннан, киімдерінен жұғатынын, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстап, спортпен айнлысуды айтудан жалықпады.

Короновирус елімізде жаңадан тарала бастағанда, күздің соңына қарай індеттің екінші толқыны болатынын, тұмаумен қосыла оған көптеген азаматтар шалдығып, жағдай әлде қайда күрделене түсетінін, сондықтан ірі мегаполистер мен облыс орталықтарында инфекциялық ауруханалар, олардың қасында дәрігерлер тұратын жатақханалар мен тамақтанатын асханалар салуды ұсынған едім. Бүгінгі таңда ірі қалаларда ауруханаларда орын жетіспеуінен жеңіл және орташа дәрежеде ауырғандар үйіңде  емделуде, демек инфекция отбасы мүшелеріне таралуда.

Жақында Елбасы «Самұрық қазына» қорының басшысы А. Есімовті қабылдап, Алматы мен Елордада бірмыңдық ауруханалар салуға қажет қаражат бөлуге тапсырыс берді. Өкінішке орай жедел жәрдем қызметіне сұраныс екі үш есеге дейін артып, науқастарға мезгілінде көмек көрсетуге мүмкіндік болмай, тәжірибелі дәрігерлер мен көліктер жетіспеуде. Атырау облысына Ресейден он екі дәрігер келіп көмек жасауда. Әрине дәрігерлерге оңай емес екенін, олардың науқастарды өлімнен арашалап қалу үшін  шамасы келгенше көмектесіп, айлап отбасын көре алмай жүргенін білеміз.  Үстіміздегі жылы екі мыңнан аса ақхалаттылар короновирус жұқтырып, 28  дәрігер қайтыс болды. 

Бір миллионнан аса тұрғындары бар мегаполистер Алматы мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары короновирус пен пневмонияның таралуы бойынша   алғашқы орындарда екені түсінікті. Індеттердің көп таралған аймақтары ірі өндіріс орындары бар Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары болып тұр. Демек той томалақпен қатар, жұмысшылар шоғырланған мұнай және кен орындарында. өндірістік кәсіпорындарда санитарлық және гигиеналық талаптардың сақталмауы індеттің таралуына себепкер болып отыр. Осыдан бір айдай бұрын Атырауда жұмыста болған жүзге жуық жұмысшы короновирус жұқтырып, үйлеріне қайтарылғаны жайлы ақпарат болған еді.

Бүгінгі таңда короновируспен пневмонияға шалдыққандарды емдеу тәсілдері аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бірінші індетке орташа және ауыр дәрежеде шалдыққандар стационарлық жағдайда емшара алып жатыр,  қазір Ресей мен Қытай, Батыс Еуропа елдерінің тәжірибесін негізге ала отырып, оныншы хаттамамен жүргізіліп жатыр екен, демек емдеу тәсілдері бірнеше рет өзгертілген. Ал індетпен жеңіл және орташа дәрежеде үй жағдайында емделіп жатқандарға дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, емшаралар алуы қажет және ресми ұсыныстар ақпарат құралдары арқылы таратылмақ. Өкінішке орай бүгінгі таңда аталған ауруларды емдеудің неше түрлі  тәсілдерін ұсыған сәуегейлер көбейіп кетті. Мәселен, коровирусқа қарсы  қойдың құйрық майын қолдану, сорпасын, жабайы таңқурайдың тамырын, немесе тауда өсетін қайыңның жапырағын қайнатып ішу және т.с.с.

Әрине ағзаның кеселге қарсы иммунитетін көтеру үшін қымыз бен шұбат, әсіресе саумал, витамині мол көкөністер мен жеміс жидектер пайдалы  екенінде күман жоқ. Бірақ қала тұрғыны саумалды қайдан алмақ, күнделікті  қой немесе жылқы етін асып, сорпасын ішуге жағдайы бар ма? Сұраныс артқан соң олардың да бағасы бір жарым- екі еседей шарықтап кетіпті. Бір қуанатын жағдай Қазақстан телеарнасынан теледәрігер деп аталатын  арнайы бағдарлама ашылып, көрермендермен тәжірибелі мамандар тікелей тілдесіп нешетүрлі дерттерден айығу жолдары жайлы кеңес бере бастады.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындаға өзекті мәселенің бірі  науқастарға қажет дәрі-дәрмек пен қорғаныс киімдері мен арнайы  құралдардың жетіспеуі. Пневмонияның кең таралуы, КВ жеңіл және орташа дәрежежде шалдыққан азаматтардың үйде емделуіне байланысты сұраныс артып, дүрбелеңнен дәріханаларда көптеген дәрілер тез арада сатылып,   зәруге айналды, оларды шетелдерден тасымалдаудамыз.   

Ел басына күн туған осындай қиын қыстау кезеңде алыпсатарлық пен сыбайлас жемқорлық белең алуда. Короновирус жаңа тарала бастағанда оңай табыс табу үшін миллиондаған бетперделерді бірнеше есе қымбат сатумен айналысқандар әшкереленсе, қазір дәрі дәрмектер мен қорғаныс заттарын заңсыз сатумен айналысқандар ұсталып жатыр. Мәселен соңғы күндері жалпы құны 725 млн 182 мың қаптама дәрі дәрмектер тәркіленген.  Алматы облысында бір азамат құны 7.2 млн 2920 дәрімен ұсталса, екіншісі  короновирусқа қарсы қолданылатын 10  қаптама азитромицинмен қолға түскен. Ел президентнің нұсқауымен құқық қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес мекемелерінің қызметкерлері алыпсатарлармен  ымырасыз күрес жүргізіп жатыр. Міндетті сақтандыру қоры мен СК «Фармация» мекемелерінің басшылары қызметінен босатылды.

Бұгінгі таңда қажет дәрі дәрмектер Ресей мен Өзбекстан және Түркия мен Үндістаннан тасымалдануда. Түрік мемлекеті өкпені жасанды тыныстандыру  құралын шығаратын зауыт салуға көмектеспек. Батыс Еуропа мен Түркияда тұратын қандастарымыз да гуманитарлық көмек ретінде дәрә дәрмектер мен қорғаныс, тыныс алу құралдарын жіберді. Аталған жұмыстардың бәрін короновирус пен пневмония әбден асқындап кеткенде емес, осыдан жарты жылдай бұрын, тіптен егемендік аласымен болмаса да, мұнай бағасы шарықтап, бюджетке миллиардтаған қаржы түсіп жатқан жылдары қолға алуға болатын еді. 

Осыдан үш айдай бұрын Abai.kz порталында жарияланған «Короновирус, экономика және азық түлік қауіпсіздігі» деп аталған мақаламда миллиардтаған қаржы жұмсалатын мәдениет және спорт кешендері   құрылыстарын салуды, мемлекеттік және квазисекторларда істейтін шенеуніктерді қысқартуды, футбол және басқа спорт командаларындағы жалдамалы ойыншылардан бас тартуды және т.б. мемлекет бюджетін үнемдейтін шараларды қарастыруды ұсынған едім.

Өкінішке орай елімізде  бүгінгі таңда короновирус нандемиясы салдарынан мұнай бағасы құлдырап, әлем экономикасы құлдырап тұрғанда елімізде қаражатты үнемдеу саясаты ылғида ескеріліп жатыр деп айта қою қиын. Мәселен үстіміздегі жылы Алматыда 28 панфиловшылар саябағын күрделі жөндеуден өткізу 8шін бір миллиард қаражат қарастырылыпты. Абай даңғылын Саин көшесінен Наурызбай ауданы әкімшілігінің ғимаратына дейін созу мақсатында қиратылатын жаңа салынған жекежайлар мен жерлерін сатып алу үшін ииелеріне төлем ретінде жүз миллиардқа жуық қаржы қарастырылған көрінеді. Омыған орай сенат депутаты М. Бақтиярұлының: жолдарды жөндеуге бөлінген 700 млрд теңгені індетпен күресуге бағыттау  қажет деген пікірін қолдаймын. 

Мұрат Қойшыбаев

Abai.kz

4 пікір