Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Қырдағы әңгіме 8660 14 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 14:29

Абзал Құспан Рысқалиев ісіне қатысты пікір білдірді

Белгілі адвокат, БҚО адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Құспан Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев ісіне қатысты пікір білдіріп, өзінің «YouTube» арнасында бейне жазба жариялапты.

Онда Владислав Бауэр есімді азаматтың «Youtube-тегі» мәлімдемесіне және Рысқалиевтердің дүние-мүлкін босатуға қатысты өз пікірін айтқан екен. Оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.


Абзал Құспан, адвокат:

- Мен Абзал Темірғалиұлы Құспан, қылмыстық іс алғаш қозғалған күннен бастап, күні бүгінге дейін Рысқалиевтер отбасының адвокатымын. Осыған байланысты Владислав Бауэрдің мәлімдемесіне орай, қылмыстық істің «Констракшн КЗ» ЖШС-ға қатысты бөлігіне түсініктеме беріп, ашып айтқым келеді.

Өз мәлімдемемде тек қылмыстық істің негізгі бөліктеріне тоқталатын боламын. Істің мән-жайын оның көлемділігіне байланысты толық айтып жату мүмкін емес, 1000 томнан асады. Кезінде қылмыстық іспен танысуға біздің (адвокаттардың) 9 ай уақытымыз кеткен.

Владислав Бауэрдің «Youtube-тегі» мәлімдемелеріне қатысты:

Құрылтайшылар құрамында Виталий Бауэр болғанына қарамастан, қазір мәлімдемені Владислав Бауэр жасауда. Владислав Бауэрдің құрылтайшылар құрамына қай уақытта кіргені белгісіз. Себебі, барлық талап арыздар мен құжаттарда Виталий Бауэрдің аты-жөні көрсетілген. Сондықтан, Владислав, құрылтайшы болып табылам деп, жалған айтып отыр.

Бұл Қазақстанда 3-D панельдер салатын жалғыз компания емес. 2007 жылдан 2009 жылға дейін зауытқа 12 млн доллар құйылғаны да шындыққа жанаспайды. Біз зауыттың құрылысына 4 млн доллар кеткенін білеміз. Кәсіпорын иелері бұл жөнінде өздері айтқан болатын.

Иә, зауыттың ашылуы болды. Оның салтанатты түрде ашылуына сол кездегі Премьер-министр мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қатысты.

Шындығында Бауэр Рысқалиев жөнінде ешнәрсе білмейді. Ол саяси мотивтермен босқын дәрежесін алған адам және ешкімнен жасырынып жүрген жоқ. Батыста қандай да бір кінәсі бар адамға саяси пана бермейді және бұл барлығына белгілі.

«Транстроймост» АҚ-ның көпірлер құрылысына тендер ұтып алып, материалдарды жеткізумен «Констракшн KZ» ЖШС айналысқаны – бұл рас. Ал тендерлерді үлестес компаниялардың ұтқаны жөнінде бірде бір дәлел жоқ. Олардың үлестес компаниялар екендігі жөніндегі сот шешімі Бергей Рысқалиевтің өзінің үлкен күмәнін туғызады.

Жұмыс толық көлемде орындалған жоқ. Себебі көпір құрылысы бойынша ерлі-зайыпты Рязановтар қол қойған бір келісімшарт аясында қолға алынған бір аспалы көпір құлады. Адам өлімі болды, үлкен залал келтірілді. Нәтижесінде қылмыстық іс жүргізіліп, оның шешімі бойынша бірнеше жауапты адам сотталды. Оларға және «Транстроймост» АҚ-ға айыппұл салынды. Бас мердігер «Курылыс Кызмет-S» ЖШС залалды өтеу бойынша «Транстроймост» АҚ-ға қарсы арыз берді. Атырау облысының апелляциялық соты «Курылыс Кызмет-S» ЖШС-ның талабын қанағаттандырды. Ескеретін маңызды жайт, Рязанов мырза көпір құлағанға дейін жүрек талмасынан көз жұмған. Алайда келісімшарт онымен жасалды. Көпір құлағанға дейін бас мердігер «Транстроймост» АҚ-ға көпірдің құрылысы үшін қомақты сомаға алдын ала төлем жасады. Сот шешімін орындамау және келтірілген залалды төлемеу үшін«Транстроймост» АҚ өзін банкрот деп жариялады. Сәйкесінше, зардап шеккен бас мердігер де банкротқа ұшырады. Алайда материалдарды жабдықтаушы Евгения Рязанова ханыммен келісім болды. Оған сай, егер залалды оның күйеуінің компаниясы «Транстроймост» АҚ қалпына келтірсе, сәйкесінше жеткізілім үшін дереу төлем түседі. Сол сәтте бұған Рязанованың шағымы болған жоқ.

Владислав Бауэр көпірдің құрылысын өзім аяқтадым деп, жалған айтып отыр. Көпірдің арқалығы құлағаннан кейін, ол облыс әкімдігі тартқан демеушілер қаражатына салынды.

«Біздің зауытқа рейдерлік басқыншылық жасалды» дегені де бос сөз. Бауэр ешқандай дәлел немесе факті келтірместен айыптайды.

Залал сомасын, еңбекақы қорын, жіберіп алынған пайданы және т.б. арттыру үшін талап арызда олар өздерінде 200 адам жұмыс жасады деп көрсетті. Алайда біз зауыттың құрылысы кезінде және алғашқы бірнеше апта бойы онда бар болғаны 42 адам жұмыс жасағанын нақты білеміз. Олар демонстрация үшін бірнеше блок өндіріп шығарды. Оның барлығы сол кездегі жарияланымдарда бар. \\\ «В Атырау появятся дома из 3-D панелей» - Ак Жайык (кәсіпорында 42 адам жұмыс жасайды – деп көрсетілген).

Рысқалиев Б. 2012 жылдың тамыз айында кетті, алайда сіз оған зауыттың жұмыс жасауына мүмкіндік бермеді деп дәлелсіз айыптайсыз. Рысқалиев кетісімен зауыт неліктен жұмыс жасап кетпеді? Кедергі келтіретін ешкім болмады ғой. Зауыттың гүлденуіне ешкім кедергі жасаған жоқ, алайда зауыт жұмыс жасамады.

Бауэр шатасты. Қылмыстық іс бойынша жауап бергенде Мащенко (зауыт иелерінің бірі) зауыт өз мақсатына сай бірде бір күн жұмыс жасамағанын және 3-D панельдер өндіре алмағанын айтады. Бауэр болса зауыт ұзақ уақыт бойы жұмыс жасап, панельдер шығарғанын, алайда қарыздары жиналып қалып,  оны жабуға тура келгенін мәлімдейді. Өздері уәде еткен 3-D панель өндірудің орнына олар қарапайым пенопласт шығарған. Оның үстіне, олардың панельдері өте қымбат. Атырауда арзан газоблоктар пайдаланған тиімдірек болды. Кейін одан да арзанырақ қаңқалы-монолит бетон құя бастады. Бүгінгі таңға дейін зауыт әлі жұмыс жасамай тұр.

Ендеше, ешқашан жұмысы алға баспаған, өндірісі артта қалған ешкімге қажет емес зауытты рейдерлік басып алу кімге тиімді болуы мүмкін?

1 060 503 310 теңге бұл - алғашқыдағы наразылық сомасы.  Кейін бұл сома 18 500 000 000 теңгеге дейін ұлғайды. Алайда зауыт бір күн де жұмыс жасаған жоқ. Таңғаларлығы, Атырау судьялары арызды қанағаттандырған. Барлық залалды осы іске қатысты 30 адамның барлығынан емес, тек 8 адамнан өндіріп алу қажет еді. Судьялар «Констракшн KZ» ЖШС-ның жаңа өкілдерінің мүдделеріне басымдық беріп, осы зауыт бойынша шығынды өтеу туралы шешім шығарған деп есептеймін. Сөйте тұра, барлығы кәсіпорынның әлі күнге дейін жұмыс жасамайтынын жақсы білген.

Бауэр мырза біздің Жоғарғы сотта жеңгенімізге де наразылық білдіріпті. Біз бұған дейінгі төменгі соттардан жеңілгенімізге қарамастан, жоғары тұрған соттарға өтініш беріп, Бас прокуратураға жүгінуге құқылымыз. Егер сіз Атыраудағы соттарда жеңсеңіз, ал біз Жоғарғы сотта жеңіске жетсек, мұның қай жері заңға қайшы?

Сіз Атырау соттарынан әділдік іздедіңіз, сіз оларда жеңіске жетіп, қазақстандық сот төрелігіне сендіңіз. Шешім сіздің пайдаңызға шешіле қоймап еді, сіз сеніміңізді дереу жоғалттыңыз. Мұныңыз қызық екен.

Сотта жауап алу кезінде біздің тағы бір адвокатымыз Саян Жүнісбаев Рязанова ханымнан 9 жыл бойы неліктен сотқа жүгінбегенін сұрады.  Осынша жыл ол сотқа жүгенбепті. Ал енді келіп бел буыпты. Ол өз жауабында қымбат екенін айтқан. Демек, бұл процеске демеушілік жасайтын біреу пайда болды ма деген де ой келеді.

КОНГРЕССМЕН США выступил в защиту БЕРГЕЯ РЫСКАЛИЕВА ОБЩЕСТВЕННАЯ ...

Рысқалиевтердің мүлігін босатуға қатысты:

Сіздер бұған дейін естігендеріңіздей, Рысқалиев Бергейдің саяси босқын мәртебесін алғанын және қазір Лондонда тұрып жатқанын жақсы білесіздер. Ал шын мәнісінде, осындай қиын кезеңде Отанына орасан пайдасын тигізе алар еді. Ұлыбританияда мұндай статусты екінің біріне бермейтінін барлығы біледі. Олардың сотында бос сөз бен дәлелі жоқ куәгерлік түсініктемелер қабылданбайды. Барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс.

Мен Б.Рысқалиевте сарапшылық ұйғарымдардың, шетелдік құқық қорғау органдарының баяндамалары, куәгерлердің құжаттандырылған түсініктемелері мен қазақстандық соттарда ұсынылмаған басқа да көптеген дәлелдемелері барын өз көзіммен көрдім. Мұндай босқын мәртебесін басқа да тұлғалар алған. Алға жүгіргендей болмайын, бұл туралы кейін Бергей Рысқалиевтің өзі айтып беретін болар...

Қазақстанның сол кездегі құқық қорғау органдары басшылары Интерполға осы азаматтардың барлығына іздеу салсын деп, он рет құжат тапсырған екен. Алайда Интерпол Рысқалиевтер ісін зерттеп, істің саяси астарының болуына байланысты ол талаптарды қабылдамаған. Осылайша, мен Рысқалиевтер ісімен байланысты адамдардың ешбірі ешқашан Интерполдың іздеуінде болмағанын ресми түрде мәлімдеймін. Олардың жүріс-тұрысына ешбір шектеу қойылмағанын, дүниежүзі бойынша емін-еркін жүріп-тұра алатынын айтқым келеді. Бір ғана мәселе бар, олар Қазақстанға кіре алмайды.

Швейцарияда да ақшаның ізін жасырды деген күдікпен Рысқалиевтерді қылмыстық қудалауды ұйымдастыруға тырысты. Алайда 1,5 жылдық мұқият тексерістен кейін Швейцария прокуратурасы қылмыстық істі жауып, шоттарды бұғаттан босатты. 7 жыл бойы екі елдің арасында белсенді түрде хат алмасу жүріп отырды. Осы уақыт ішінде Швейцария прокуратурасының сұрауларына Қазақстанның құқық қорғау органдары ол ақшалардың заңсыз табылғаны жөнінде мардымды дәлел ұсына алмады. Оның үстіне, бұл ақшалардың Атырау облысының бюджетіне ешбір қатысы жоқ болды. Себебі ол ақшалар Рысқалиев мемлекеттік қызметке кіріспестен бұрын өз еңбегімен тапқан ақшалар еді. Нәтижесінде швейцариялық прокуратура Рысқалиевтер әулетінің қаражаттын толықтай бұғаттан шығарды.

Рысқалиевтермен байланысты қылмыстық істердің ашылуынан бастап, барлық сот талқылауларына қатысушы ретінде Рысқалиевтердің кінәлі екендігіне қатысты барлық дәлелдер үлкен күмән тудыратынын айтқым келеді. Біз бұл туралы талай рет жаздық та, сотта да мәлімдедік. Алайда біздің дәлелдерімізге құлақ аспады.

Рысқалиев Б. басқа елдің мәжбүрлі резиденті статусында Қазақстанда мүлкінің заңсыз тәркіленгені үшін Қазақстанға қарсы жүздеген миллион долларға арыз беру құқығына ие болды. Рысқалиевтердің ісін зерттеп, батыстық сарапшылар мен адвокаттар оның сотта жеңетініне сенім білдірді. Анық-қанығын білмеймін, алайда Қазақстан билігі заңсыз тәркіленген мүлкінің бір бөлігін ғана қайтару туралы шешім қабылдаған. Оның үстіне, Қазақстан пайдасына шешілмей жатқан істер де көп.

Рысқалиевтердің мүлкін босату бойынша толығырақ тоқталып өткім келеді. Рысқалиевтер мүлігінің тең жартысы тәркіленген және босатылған мүліктің 30%-ы осыған дейін аукциондар арқылы сатылып кеткен.

Бас прокуратураның наразылығы мен Жоғарғы соттың қаулысын мұқият қарасаңыз, көресіз. БАҚ-та бұл жөнінде неге айтылмайды? Осылайша БАҚ Рысқалиевтер бүкіл мүлігін босатты деген хабар таратып, қоғамның теріс пікірін қалыптастыруда. Мен мұның әдейі жасалып отырғанына сенімдімін.

;feature=youtu.be

Босатылған мүлікке қатысты:

Жіберілген қателік пен ұқыпсыздыққа байланысты бірінші инстанциялы соттар қарағанда Рысқалиевтер отбасының бүкіл мүлігіне тыйым салынып, тәркіленді. Бұл 20-25 жыл бұрын Рысқалиевтер отбасы құрған компаниялар мен дүние-мүліктер. Яғни, ол Бергей Рысқалиев мемлекеттік қызметке келместен бұрын тапқан табыстары мен дүние-мүліктері. Оның ішінде әйелі мен балаларына тиесілі 50% үлестер де бар.

Менің қолымда Б.Рысқалиевтің Атырау облысының әкімі болғанға дейінгі салықтық декларациялары бар. Бұл ресми құжаттар. Онда қолма-қол 22 миллион АҚШ долларына тең активтер мен 120 миллион АҚШ долларына тең компаниялардағы үлестері анық көрсетілген. Өздеріңіз көріп отырғандай, Рысқалиев Б. мемлекеттік қызметке қалталы, дәулетті адам ретінде келген. Жоғарыда аталған негізде адвокаттар Бас прокуратураға шағым жазды. Алайда, саяси қуғындалудың нәтижесінде Рысқалиевтер мүлкінің 70% жоғалтқанын ескерген жөн.

2011-2012 жылдармен салыстырғанда, бұл босатылған мүлік өз құнын 5 есеге жоғалтты. 8 жыл ішінде бірнеше девальвация, инфляция болды және бұл мүлікті әкімдіктермен бірге құқық қорғау органдары басқарды. Әрине, олар бұл ғимараттар мен жабдықтарды жөндеуге бірде бір тиын жұмсаған жоқ. Егер мүмкіндік болса, осы ғимараттарға, нысандарға қараңыздар. Сонда, олардың қазіргі таңда адам шошырлық күйде екеніне және ешбір құндылығы жоқ екеніне көз жеткізер едіңіздер..

Көптеген онлайн медиа құралдары Рысқалиевтерде осыншалықты мүлік қайдан пайда болды және оны қалай тапты деп таңғалады. Бұған қатысты айтпағым: Олар компанияның барлық мүлкіне қатысты құжаттарға ие және ол құжаттар бүкіл мүлікті заңды түрде иеленгендерін растайды.

Олар ақшаның көп бөлігін 90-шы жылдардың басынан 2000 жылдарға дейін халық тұтынатын тауарларды ірі көлемде жеткізу, Ақтөбемұнайгаздың, кейбір шағын мұнай компанияларының мұнай жабдықтарын жеткізу арқылы тапқан. Тіпті, бартер арқылы Қазақстанның кейбір облыстарының Ресей алдындағы электр қуаты үшін берешектерін де жауып берген.

Рысқалиев Б. өзінің ең алғашқы миллион долларын сонау 1994 жылы тауыпты. Бұл ақшаға олар зауыттар, қонақүйлер, мейрамханалар, кеңсе орталықтарын салған, сатып алған. Бұл объектілерге қомақты қаражат құйып, олар 2000 жылдардың басынан бастап, әсіресе, мұнай бағасы жоғары болған жылдары өте жақсы табыс әкеле бастаған.

Ары қарай мұнай бизнесіне ойысты да, шетелдіктермен бірлескен компаниялар құрды. Тапсырыс алып, үйлер, ғимараттар құрылысымен айналыса бастады. Барлық бизнестерін растайтын құжаттары бар. Бір таңғаларлығы, бірде бір объектіні мемлекеттен жекешелендіріп алмаған, мемлекеттің немесе облыстың бірде бір тендеріне қатыспаған. Өздеріңіз білесіздер, ол кезде мұндай мүмкіндік тек қолында билігі бар адамдарда ғана болды.

Осылайша, Рысқалиев тек өзінің еңбегімен, білімімен және табандылығымен табыс тапқан. 2007 жылдарға қарай олардың бизнесінің ауқымы кеңейген.  Бизнеспен айналыса жүріп, Рысқалиев 4500 адамды жұмыспен қамтыпты. Мемлекет бюджетіне миллиард теңге салық төлеген.

Сондықтан да ол елдің жоғары басшылығының көзіне түсті деп ойлаймын. Дәл сол себепті оны тиімді кризис-менеджер ретінде мемлекеттік қызметке шақыруға шешім қабылдады деп ойлаймын. Менде осы...


Ескерту! Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Кез келген ҚР азаматы өзінің ой-пікірін айтуға құқылы. Спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді.

Abai.kz

14 пікір