Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2030 1 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 11:39

Қазақстанда COVID-19-дан 51 медқызметкер қайтыс болған

Қазақстанда коронавирус індетінен 51 медицина қызметкері көз жұмды.

Бұл туралы 16 шілдеде өткен брифингте тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, 51 әріптесіміз қайтыс болды. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын" деді Сұлтанғазиев.

Азаттықтың "марқұмдардың қаншасы коронавирустан, қаншасы пневмониядан қайтыс болды?" деген сауалына Тимур Сұлтанғазиев "бұл марқұмдардың барлығы коронавирустан көз жұмған деп саналады" деп, қысқа ғана жауап берді.

Коронавирус індеті Қазақстанға келгелі аурумен күрескен медицина қызметкерлерінің өздері инфекция жұқтырып, үлкен дауға айналған. Алматы қаласы №12 клиникалық ауруханасында дәрігерлер жаппай COVID-19 инфекциясын жұқтырып, аурухананың өзі карантинге жабылды.

Сұлтанғазиев эпидемия басталғалы қанша медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын және ауру салдарынан қайтыс болған қанша қызметкердің туыстарына үкімет уәде еткен 10 миллион теңге өтемақы төленгенін айта алмады.

Соңғы рет 18 маусым күні денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева 1904 медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтқан. Бұл сол кездегі расталған коронавирус жағдайларының 12 пайызын құраған.

Эпидемия басталғанда Қазақстан үкіметі қызметі барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медқызметкерге 2 миллион теңге, коронавируспен күресіп, өзі сол індеттен қайтыс болған медқызметкерге 10 миллион теңге төлейтінін хабарлаған.

13 шілде күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспенк күресте қайтыс болған 42 медицина қызметкерін түрлі мемлекеттік атақпен марапаттаған болатын.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 65 188 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 39 мыңнан астамы жазылып шыққан, 396-сы қайтыс болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678