Сенбі, 27 Сәуір 2024
2234 0 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 14:13

Маскасыз жүргендерге 83 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды

Алматыда маскасыз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейд жүргізіп жатыр.

Рейдтер 5 шілдеде тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде басталған. Осы уақыттан бастап департамент мамандары маска режимін бұзғаны үшін 165 адамды әкімшілік жауапқа тартқан. Әрқайсына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылған. Бұл бапта 30 АЕК - 83 340 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Қалалық автобустарда да рейдтер жүргізілген.

«Шілденің 5-і мен 14-і аралығында мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарындағы қоғамдық көлікті тексерді, қоғамдық көліктерде маска режимін бұзғаны үшін 4 жолаушы 425-баптың 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды, № 102, 115, 48 маршруттарында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір