Сенбі, 27 Сәуір 2024
2066 2 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 16:16

Сенат сайлауына 94 үміткер ұсынылды

Қазақстанда 13 маусымнан 12 шілдеге дейін Парламент Сенатының депутаттығына 94 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді. 

Салыстыру үшін айта кетейік, 2017 жылы сенат сайлауына 89, 2014 жылы 88, 2011 жылы 96 кандидат ұсынылған. Нәтижесінде бір сенатордың мандатына орта есеппен бестен астам үміткер түседі.

Осы жылы ең көп ұсынылған кандидаттар:

- Алматы облысынан - 9 адам;

- Нұр-Сұлтан қаласынан - 8;

- Алматы қаласынан - 7;

Ең аз үміткер Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкентте (әрқайсында төрт үміткерден)

Өзін-өзі ұсыну құқығын 82 кандидат (87%) пайдаланды. Бұл 2017 жылы - 92,1%, 2014 жылы - 82,9%, 2011 жылы - 82,7% болған. Ал, Мәслихаттар 12 кандидат ұсынды (2017 жылы - 7 немесе 7,9%).

Берік Имашев сайлау науқаны кезіндегі әйелдердің саяси белсенділігін атап өтті: ұсынылған кандидаттар арасында - 19 әйел бар. (2017 ж. - 13, 2014 ж. - 5, 2011 ж. - 6). Кандидаттардың орташа жасы - 51 жас. Ең жас үміткер - 30 жаста, ең үлкені - 69 жаста.

Кандидаттардың мамандықтары:

- инженерлер - 29;

- экономистер - 20;

- оқытушылар - 12;

- адвокаттар - 10;

- ауыл шаруашылығы қызметкерлері - 10;

- дәрігерлер - 7;

- журналистер - 3;

- саясаттанушы - 1.

Ұсынылған кандидаттар арасында:

- Коммерциялық құрылымдардың 38 қызметкері;

- Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 23 қызметкері;

-  18 мемлекеттік қызметкер;

- 9 қоғамдық ұйымдардың өкілі;

- 2 жұмыссыз

- 4 сенатор бар.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 23 шілдеге дейін жалғасады. Қазіргі уақытта кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру жұмыстары жалғасуда.

13 шілдедегі жағдай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына 62 кандидатты тіркеді.

Abai.kz

2 пікір