Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2365 0 пікір 28 Маусым, 2009 сағат 20:45

Ауғанстанда көлік апатында зардап шеккен қазақстандықтар Алматы ауруханасына жеткізілді

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ – Ауғанстан Республикасының аумағында көлік апатында ауыр күйік жараларын алған Қазақстанның алты азаматы Өзбекстан Республикасының Термез қаласынан Алматыға жеткізілді, – деп хабарлады агенттікке Қазақстанның ТЖМ.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, ҚР ТЖМ «Қаз әуе құтқару» РМК-нің  Ту-134 ұшағы күйік шалған адамдарды Алматыға жұма күні жеткізген. Ұшу сапары барысында оларды Апаттар медицинасы орталығының жедел үн қату бригадасы бақылады.

Боралдай әуежайына қонысымен зардап шеккендер жедел жәрдем көліктерімен 4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Семеновтың айтуынша, олардың ахуалы өте ауыр. «2-3-4 дәрежелі күйік жаралары бар, зардап шеккендердің денелерінің 30 пайыздан 90 пайызға дейін күйік шалған. Барлығы жансақтау бөлімінде жатыр», – деп түсіндірді ол.

Бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні  Ауғанстан Ислам Республикасында Хайратон қаласының маңында  отын артылған екі автокөліктің өртенуі салдарынан Қазақстанның азаматтары күйік жараларын алған. Олар Алматы, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының және Алматы қаласының тұрғындары:1964 жылы туған С.Нұрысбеков, 1979 ж.т. В.Бойменов, 1957 ж.т. З.Бойменов, 1980 ж.т. З.Бойменов, 1981 ж.т. Р.Друзин және А.Шестаков.

Алматыға жеткізілгенге дейін зардап шеккендерге Өзбекстан Республикасының Термез қаласындағы Сұрхандария облыстық республикалық жедер медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері көмек көрсетті.

Зардап шеккендердің жағдайлары тұрақтанып, тиісті тексеру жүргізілген соң, оларды Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ТЖМ.

0 пікір