Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2290 0 пікір 23 Қараша, 2011 сағат 13:58

Алматыда орыс тілді жастардың арасында қазақ тілі білгірлерінің V республикалық байқауы өтеді

Астана. 23 қараша. ҚазТАГ - 25 қарашада Алматыда Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің V республикалық байқауы өтеді, деп хабарлады сәрсенбі күні мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

«Байқау қазақ тілін білетін жастарды көтермелеп, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, олардың бойында толеранттылықты және отан сүйгіштік сезімді тәрбиелеуді негізге ала отырып ұйымдастырылады», - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудың қатысушылары - аймақтық іріктеу турларында жеңіске жеткен 14-22 жас аралығындағы ЖОО студенттері, колледж және мектеп оқушылары.

Байқаудың республикалық туры келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбындағы ауызша тұсаукесер; «Тіл - халық даналығының асыл қазынасы» қазақ сөз өнері мен мәдениетін білуге арналған тест; Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары үзінділерінің мазмұнын заманауи театрландырылған интерпретацияда баяндап, классиктің өмірбаянын қысқаша мазмұндау; «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырма: қазақ халқының ұлттық мәдениетін халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би, көркем сөз оқу және т.б. орындау арқылы көрсету.

Байқауға қатысушылардың тіл білу шеберліктерін белгілі қоғам қайраткерлері мен лингвист-ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Республикалық турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

0 пікір