Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2685 0 пікір 23 Қараша, 2011 сағат 12:12

Аманатқа айтарыңыз бар ма?

2012 жылы еліміздің саяси өміріндегі ірі оқиғаның бірі - мәжіліс сайлауы өтпек. Партиялар сайлау дайындық шараларына кірісіп те кетті.

Әрбір сайлаушы мәжілістің төрінен ұлттық мүддені қорғайтын, ұлттың мәселесін бәрінен жоғары қоятын, мемлекетшіл, елшіл депутаттарды көргісі келетіні ақиқат. Осы орайда сайлау додасына түскелі отырған саяси партиялар парламент партасынан ұлттың, мемлекеттің іргелі, кезек күттірмейтін мәселелерін көтеріп, шешуге ықпал ете ала ма деген сауал әр көкейде сайрап тұр.

Сол үшінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының 2005 жылғы президент сайлауы қарсаңында президенттікке кандидаттарға аманат ретінде айтқан 7 ұсынысын мәжіліс сайлауына бақ сынамақ саяси партиялардың назары ұсына отырып, көзіқарақты, ел мен жердің тағдырына бей-жай қарамайтын оқырманның талқысына ұсынып отырмыз. Төмендегі аманатқа алып, қосарларыңыз болса, мархабат.

Алдағы уақытта Сіздердің ұсыныс, пікірлеріңізді ескеріп, кіріктіре отырып, мәжіліс сайлауына түсетін партияларға Аманат жолданады.

«Абай-ақпарат»

 

ҚР Президенттігіне кандидаттарға «Ұлт тағдыры» қозғалысының

Аманаты

2012 жылы еліміздің саяси өміріндегі ірі оқиғаның бірі - мәжіліс сайлауы өтпек. Партиялар сайлау дайындық шараларына кірісіп те кетті.

Әрбір сайлаушы мәжілістің төрінен ұлттық мүддені қорғайтын, ұлттың мәселесін бәрінен жоғары қоятын, мемлекетшіл, елшіл депутаттарды көргісі келетіні ақиқат. Осы орайда сайлау додасына түскелі отырған саяси партиялар парламент партасынан ұлттың, мемлекеттің іргелі, кезек күттірмейтін мәселелерін көтеріп, шешуге ықпал ете ала ма деген сауал әр көкейде сайрап тұр.

Сол үшінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының 2005 жылғы президент сайлауы қарсаңында президенттікке кандидаттарға аманат ретінде айтқан 7 ұсынысын мәжіліс сайлауына бақ сынамақ саяси партиялардың назары ұсына отырып, көзіқарақты, ел мен жердің тағдырына бей-жай қарамайтын оқырманның талқысына ұсынып отырмыз. Төмендегі аманатқа алып, қосарларыңыз болса, мархабат.

Алдағы уақытта Сіздердің ұсыныс, пікірлеріңізді ескеріп, кіріктіре отырып, мәжіліс сайлауына түсетін партияларға Аманат жолданады.

«Абай-ақпарат»

 

ҚР Президенттігіне кандидаттарға «Ұлт тағдыры» қозғалысының

Аманаты

Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсетін азаматтарға - мемлекет ұйыстырушы ұлт қазақ халқының шешілуін күтіп тұрған мәселелерін, барша қазақстандықтың аманаты әрі талабы деп түсініп, өздерінің сайлауалды тұғырнамалары мен бағдарламаларына енгізуді ұсынады.

Қазақстан Республикасының болашақ Президенті қазақ жеріндегі қазақ халқына байланысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, ұлттық республика құруды алдына ұлы мақсат етіп қоға тиіс. Осы орайда оған ұлттық қозғалыс мына ұсыныстарды бағдарламасына енгізіп жүзеге асыруды аманат етеді:

 

Ұлттық идея

 

Елдің тұтастығын, елдегі түрлі ұлт өкілдерінің татулық-достығын сақтаудың, келешекте тәуелсіз дамып, әлемдік қауымдастықтан орнын бекем ұстаудың алтын діңгегі ретінде мемлекеттік ұлттық идеяны қабылдау.

Терең ойластырылған отарсыздандыру бағдарламасын жасап, оны парламенттік деңгейде қарастырып-қабылдауға бастамашылдық көрсету.

Біртұтас (унитарлық) ұлттық мемлекет болғандықтан «Қазақстан Республикасы» атауын «Қазақ Республикасы» атауына ауыстыру.

Азаматтардың ұлттық отаншылдық сезімін қалыптастыруға назар аудару.

Қазақ халқының түркі қағанатынан бастау алатын ежелгі мемлекеттілігін насихаттау.Тарих сахнасына өз ерекшелігімен, орыс князьдіктерінің бірігуінен бұрын дербес мемлекет болып шыққан 1465 жылды мемлекеттік мерейлі дата ретінде қалыптастыру. Келесі 2006 жылы қазақтың Алтын Орда, Ақ Ордадан кейінгі тәуелсіз мемлекетінің 550 жылдығын атап өтуді, сол орайда оны қазақтың көне мемлекеттілігімен тығыз байланыста қарастырып, әлемдік қауымдастыққа таныстыруды іске асыру.

Қазақ халқынығ жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізген Отан соғысына шешуші дем берген Ордабасы құрылтайының (1726) 280 жылдығын атап өтуді жүзеге асыру. Ресей имперяисының жаулап алуларына қарсы соғысқан батырларды, әуелі монархия, одан кеңес билігі құлағанға дейін азаттық үшін алысқан күрескерлерді насихаттап, дәріптеу. Республикалық мәртебелі екі қаладағы, барлық облыс, аудан орталықтарындағы өлкетану мұражайларында, арнайы салынған мемориалдарда большевизмнің «аштық саясаты» салдары -  Ұлттық апатты мәңгі еске салып тұратын рәсім қалыптастыруды шешу. Онда қазақ қасіретін еврейлердің «Яд ва шем» («Жад пен есім») мұражайындағыдай, ұмытылмайтындай етіп, 1917-18, 1921-23, 1931-33 жылдарғы алапат ашаршылықтар опат болғандардың тізімін жасау акциясын жүргізуді ұйымдастыру. Бүкіл қазақстандық үшін қаралы күн - саяси репрессиялар құрбандарын еске алуға арналған 31 мамыр алдындағы жұмада мешіттер мен шіркеулерде арнайы дұғалар оқу рәсім-салтын қалыптастыру.

Ұлттық экономика

 

Экономикалық тәуелсіздікке кепіл болатын ұлттық идеологияны жасау. Экономикаға ғылым мен технология жетістіктерін тереңдете енгізуге ұлттық инвесторларды жұмылдыру.

Ұлттық экономиканың негізі ретінде тарихи дәстүрлі мал шаруашылығын жандандырып, дамыту. Оның өнімдерін өңдеуге жаңа технологияны батыл тарту. Мұнай мен тау-кен өнімдерінен түсетін қаржы есебінен ауыл экономикасына қолдау көрсету. Қазақ жерінің байлығын табиғатқа зиян келтірмей пайдалану. Атом станциясын салуға жол бермеу. Электр қуатын өндіруде  әлемдегі тәжірбиеге сүйеніп, басқа баламалы қуат көздерін пайдалануды жүзеге асыру. Шет елдерге шикізат сатуға шек қою.

Жер

 

Империялық отарлаулар тұсында қазақтардың ата қоныстарынан ығыстырылғанын есте ұстау. Қазіргі демократиялық өкімет кезінде де оларға өздерінің шұрайлы жер-суы қайтарылмағанын ұмытпау. Тарихи әділетсіздіктердің жалғастырылуын тоқтату үшін, былтыр қабылданған «Жер кодексін» орындауға шұғыл мораторий жариялау, оны парламентте, ұлттық экономиканың ерекшеліктері мен ұлттық менталитетіне сай қайта қарап, жерді жекешелендіру мен сатуға біржолата тыйым салу.

Оралмандар

 

Шетелдегі қазақтардың тарихи отанына оралып, қоныстануы үшін жағдай жасау шарттарын қайта қарау. Оларға кешеуілдетпей азаматтық құжат  тапсыруды, үй-жаймен қамтамасыз етуді қолма-қол шешу. Олардың ел тыныс-тіршілігіне бейімделуіне, дәстүрлі кәсібімен шұғылдануына, жұмыс істеуіне жағдай жасауды мемлекеттің маңызды міндетіне айналдыру. «Көші-қон туралы заң» орнына «Қазақтардың тарихи отанын оралуына жағдай жасау» жайында мүлдем жаңа заң қабылдауды шешу. Шетелдерде тұратын қазақтардың ұлттық болмысын сақтауға жәрдемдесерлік мемлекеттік іс-шаралар жүйесін қабылдап, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қытай, Монғолия өкіметтерімен мемлекетаралық келісімшарттар жасауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік тіл

 

Заңға «Қазақстан Республикасысының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны республика азаматтарының бәрі білуге міндетті», «Өзге тілдер қажеттілікке қарай қолданылады» деген конституциялық нормалар енгізу. Тілге қатысты бұзылып келе жатқан заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, айыптыларды жауапкершілікке тартуды, оларға айыппұл салуды заңдастыру. Мемлекеттік тілде берілетін хабарлардың (соны ішінде түрлі концерттердің де) теле және радиоэфирдегі уақытын көрермендер мен тыңдармандар үшін қолайлы мезгілдерге (прайм-тайм) қойылуын қамтамасыз ету. Құжаттарды тек мемлекеттік тілде толтыруды талап ету. Барлық халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялар өздерінің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуі шарт.

Барлық (халықаралық, республикалық, жергілікті) іс-шара мемлекеттік тілде жүруін, мемлекеттік аппараттан барлық құжаттардың (қаулы, нұсқаулар т.т) тек мемлекеттік тілде шығуын қамтамасыз ету. Қазақ ұлты мен оның ұлттық мемлекеттілігінің сақталуының басты шарты тіл екенін ескере отырып, мемлекеттік қызметке тек қазақ тілін меңгергендерді қабылдауды жүзеге асыру.

Жиналыс өтетін орындарды алғашқы кезеңде түгелдей ілеспе аударма жасау қондырғылармен жабдықтауды шешу.

Халықаралық дәрежеде және билік тарапынан өткізілетін жиындардың мемлекеттік тілде жүргізілуін және ілеспе аудармамен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру. Биліктің үш тармағындағы, дипломатиядағы лауазымды тұлғалардың міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлерден жасақталуы шарт.

 

Бұрынғы метрополияның саяси ықпалына тосқауыл

 

Өз саясатын өктемдікпен насихаттап келе жатқан ресейлік БАҚ өнімдерін Қазақстанның ақпараттық базарын жайлап алған, осыны тоқтатуға шұғыл шаралар қолдану. Халық санасын бұрынғы империяның идеологиялық құрсауынан азат ету үшін ұлттық БАҚ пен баспа өнімдерін түрлендіру, мазмұнын байыту, таралымын арттыру және оларға тарату жүйесін жасау. Қоғамдық телевизия ашу. Ұлттың болашағы балалар тәрбиесіне - сәбилердің, жеткіншектердің, жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып,  олардың дүниетанымын жан-жақты жетілдіруге ықпал ететін қилы тақырыптағы тартымды да танымды хабарларды қазақ тілінде дайындау және оларды көруге қолайлы уақытта тұрақты түрде таратып отыруға мемлекеттік қамқорлық көрсету.

Балалар мен жасөспірімдерге арнайы мемлекеттік тілде жұмыс істейтін телеарна ашуды шешу.

Қасиетсіздікке қарсы күрес

Елде етек алып тұрған рухани азғындауларды (нашақорлық, жезөкшелік, қайыршылық т.т) жоюға бағытталған мақсатты жұмыс жүргізу.

Бұл орайда ауылдарда қазақтың дәстүрлі отбасы шаруашылығын дамытуға, қалаларда оны заманға бейімделген тұрпатта ұйымдастыруға, жастарды қоғамдық пайдалы жұмыспен қамтуға, ұлттық тәрбие артықшылықтарын наисхаттап, өмірге енгізуге айрықша көңіл бөлу.

Республикалық

«Ұлт тағдыры» қозғалысы

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2319
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1900
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1561