Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2451 0 пікір 22 Қараша, 2011 сағат 09:59

ҚР құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза табуында немесе мертіккен кезде өтемақы төлеу ережелерін бекітті

Қазақстан үкіметі құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидаларын бекітті.

Үкіметтің тиісті қаулысына премьер-министр Кәрім Мәсімов 20 қазанда қол қойып, сейсенбіде ресми басылымда жарияланды.

«Бiржолғы өтемақыны төлеу құқық қорғау органының қызметкерiне не оны алуға құқығы бар адамға мынадай жағдайларда жүргізіледі құқық қорғау органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не орындалуы міндетті қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде; құқық қорғау органының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде; құқық қорғау органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр немесе жеңіл зақымданған (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда», - деп нақтыланады құжатта.

Бiржолғы өтемақы төлеудi басшының не уәкілетті органның шешімі негізінде қаржы бөлімшесі республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы аумағындағы екiншi деңгейдегі банктегі алушының жеке шотына аудару жолымен, сондай-ақ пошта арқылы өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде алушының жеке шотына аудару жолымен жүргiзедi, деп белгіленген.

Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақыны төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiне өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде бiр мезгілде хабарлай отырып, оның тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегі банктегі тек оның жеке шотына аудару жолымен жүргiзiледi.

«Құқық қорғау органдарының кадр қызметтері қызметкерлерге немесе өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiштердi қаржы бөлімшелеріне беру қажеттiлігі туралы мiндеттi түрде жазбаша хабарлайды, - делінген құжатта.

Қызметкерлердiң қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайындағы зиянды өтеу бойынша жұмысқа жалпы басшылық етудi құқық қорғау органдарының кадр және қаржы қызметтері жүзеге асырады.

АСТАНА, 22 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658