Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2650 1 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 15:21

Алматы облысының аумағында блок-бекеттер қойылмайды

Алматы облысының аумағында блок-бекеттер қойылмайды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желіде парақшасында мәлімдеді. 

«Мессенджерлерде Алматы облысында блокбекеттер қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты қарастырмағаны және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеймін» ,- деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Алматы мен облыс аумағына блок-бекеттер қайта қойылатыны туралы ақпарат тараған.

Abai.kz

1 пікір