Сенбі, 11 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 56455. Жазылғандар — 32500. Қайтыс болғандар — 264
1319 0 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 14:59

Алик Шпекбаев қызметінен кеткені рас па?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған органның басшысы Алик Шпекбаевтың қызметінен кететіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Шпекбаевтың агенттік төрағасы қызметінен кететіні туралы ақпаратты Ербол Еділов тelegram-каналында жазған.

- Кейбір ақпаратқа сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш берді. Оның отставкаға кету туралы өтінішіне байланысты шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды», - деп жазған еді автор.

Бірақ агенттік бұл ақпараттықтың өтірік екенін мәлімдеді.

Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін 2019 жылы маусымнан бері басқарып келеді. Ал оған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап жетекшілік етті. Биыл 4 шілдеде 63 жасқа толады.

Abai.kz

0 пікір