Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 3562 3 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 12:40

Президент коронавирусқа қатысты кеңес өткізеді

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау туралы кеңес өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлап, фейсбук желісінде жазды.

«Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады», - деп жазды кеше.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 183-ке жетті. Ал інден жұқтырғандар - 21 327 адам болса, жазылып шыққандар - 12 933 адам.

Ескерту! МАТЕРИАЛ ТОЛЫҚТЫРЫЛАДЫ.

Abai.kz

3 пікір