Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3111 0 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 12:04

Алматыда блокбекеттер қайта қойыла ма?

Әлеуметтік желіде қатаң карантин шаралары енгізілетіні және Алматы облысының аумағына блок бекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарады. Аталған ақпаратқа әкімдіктің баспсөз қызметі түсінік берді. 

"Танымал мессенджерлердің бірінде Алматы облысында карантинге байланысты қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы хабар тараған. Бұл - фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Жалпы облыс бойынша коронавирус жұқтырған 701 адам анықталған. Бір тәулікте тағы 20 адам тіркелді. 574 адам аурудан айығып шықты, өкінішке қарай, 1 адам қайтыс болды.

Еске салайық, 27-28 маусымда көптеген облыс орталығында демалыс күндері шектеу енгізілді. Тұрғындарға себепсіз сыртқа шықпау ұсынылып, көптеген кәсіпорын жабылан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1454
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1301
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1107