Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2937 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:23

Ахметжан Керімбеков. Бұра тартқандармен күресейік

Біз егемен еліміздің ертеңгі болашағы үшін атқа-рылып жатқан сүбелі іске қашанда өз үлесімізді қосып жүруіміз керек. Бодандық бұғауынан босанған қазіргі кезең үшін өткенге құрметпен, ертеңге үмітпен қарау дағдымыздан жаңылмауға тиіспіз.
Бүгінгі таңдағы елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың  толыққанды жүзеге асуы ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығымыздың кепілі екендігін әрқашанда есте ұстау-ға тиіспіз. Ал мұны насихаттау қашанда басты мәселелердің бірі ретінде қала берері хақ. Өйткені, бүгінгідей жетістікке қалай жеткенімізді, кезінде қандай асу бермес өткелдерден өткендігімізді өскелең және келер ұрпақтың көпшілігі толық түсіне бермеуі мүмкін. Түсінсе де аса мән бермесі анық.
Біздің қоғам көп ұлт пен ұлысты, көп дінді. Әрине, мұның біреуге ұнамауы да мүмкін.  «Бізге көп ұлттылықтың қажеті қан-ша, көп дінді болудың артық-шылығы неде, неге ұлттық мем-лекет болмаймыз?» деп, замана талабына жауап бере алмайтын қандай да бір сауалдармен басымызды қатырғаннан гөрі,  еліміздегі басты ұстанымда-рының қатарынан саналатын мұндай мәселелерге жан-жақты байыптылықпен қарауымыз керек-ақ.

Біз егемен еліміздің ертеңгі болашағы үшін атқа-рылып жатқан сүбелі іске қашанда өз үлесімізді қосып жүруіміз керек. Бодандық бұғауынан босанған қазіргі кезең үшін өткенге құрметпен, ертеңге үмітпен қарау дағдымыздан жаңылмауға тиіспіз.
Бүгінгі таңдағы елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың  толыққанды жүзеге асуы ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығымыздың кепілі екендігін әрқашанда есте ұстау-ға тиіспіз. Ал мұны насихаттау қашанда басты мәселелердің бірі ретінде қала берері хақ. Өйткені, бүгінгідей жетістікке қалай жеткенімізді, кезінде қандай асу бермес өткелдерден өткендігімізді өскелең және келер ұрпақтың көпшілігі толық түсіне бермеуі мүмкін. Түсінсе де аса мән бермесі анық.
Біздің қоғам көп ұлт пен ұлысты, көп дінді. Әрине, мұның біреуге ұнамауы да мүмкін.  «Бізге көп ұлттылықтың қажеті қан-ша, көп дінді болудың артық-шылығы неде, неге ұлттық мем-лекет болмаймыз?» деп, замана талабына жауап бере алмайтын қандай да бір сауалдармен басымызды қатырғаннан гөрі,  еліміздегі басты ұстанымда-рының қатарынан саналатын мұндай мәселелерге жан-жақты байыптылықпен қарауымыз керек-ақ.
Қоғамда орын алып жатқан ірілі-ұсақты іс-шаралардың көптеп өткізілуі еліміздегі дәстүрлі дініміздің дамуына кең жол ашуда. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің республикамызда қатарынан 3-ші рет өткізілуі елімізді шет мемлекеттерге танытып қана қоймай, дініміздің даму сатысындағы орнын да айқындауда. Бұл - Елбасының жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында жүзеге асып отырған жәйт.
Зайырлылық ұстанымындағы біздің қоғамда ұлттық немесе діни құндылықтарымыз өте төмендеп отыр деп ешкім де айта алмаса керек. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бұл мәселелер де уақыт өткен сайын жергілікті тұрғындар арасында өз маңызын арттырып келеді. Өзге мәселелерді былай қойғанда, дін саласындағы жетістіктерміз, Аллаға шүкір, жетерліктей. Тәуелсіздікке ие болған тұстағы дін мәселесімен қазіргі күнгі жүргізіліп жатқан діни жұмыстар салыстыруға келмейді. Бұл неден көрінеді? Енді осыған тоқталайық.
Біріншіден, мешіттеріміздің саны тәуелсіздік алғанда небәрі  64 болса, бүгінгі күні 2350-ден асты.  Бұл, сол кезеңмен қараған-да, қазіргі таңда мешіттеріміздің 35 есе көбейгенін көрсетеді.
Екіншіден, өзге өңірлерді есептемегенде бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жарым жылдың көлемінде тіркеу органдарына тек дәстүрлі ислам дініне қарасты құрылымдар ғана тіркелуде.
Үшіншіден, дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарымызбен өзара астаса түсуі. Соңғы уақыттары Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының негізінде қазақстандық қоғамдағы исламның ұлттық ерекшеліктерімізбен жақындаса түскенін байқауға болады.
Төртіншіден, Қазақстан мұ-сылмандары діни басқарма-сының уақыт өткен сайын жаңаша жұмыс тәсілінің жетіле түсуі. Қазіргі кезде Діни басқармада мешіт имамдарына деген талаптың арта түскенін байқаймыз. Сонымен бірге, Бас мүфти Әбсаттар қажы хазреттің бастауымен жер-жерлерде халықпен тұрақты өткізіліп жүрген кездесулер мен имамдардың білімдерін жетілдірудегі оңды қадамдарды атап өткен жөн. Мысалы, жуырда ғана бұған дейін ескерілмеген мәселенің бірі - барлық облыс-тардағы өкіл имамдардың білімдерін жетілдіруге арналған семинар өткізілді.
Бесіншіден, қалталы азамат-тардың сауапты істерге ден қоя бастауы (мешіт ашу, т.б.); Барша әлемнің Жаратушысы - Аллаһ тағаланың берген нығметтерін түсінуші қолынан іс келетін азаматтар мешіттер салып, сауапты іске бет бұруда. Осының негізінде соңғы 4-5 жылдың көлемінде оңтүстік өңірінде жүздеген мешіттер салынып, халықтың игілігіне берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемді шарпып отырған қаржы дағдарысы кезеңінде кез келген жанға рухани, аһлақтық тұрғыдан жәрдем жасалуының маңызы ерекше. Осыған бай-ланысты, облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде азаматтарға діни тұрғыдан қолдау жасайтын, қажетті ақпараттық көмек көрсететін «Сабырлылық бөлмесі» ашылып, жұмыс жүргізуде. Бұған арнайы кезекші имамдар бекітілген. Өмірден қажыған, шаршаған кез келген жанға есік ашық. Мұндай бөлмелерді қазіргі уақытта өзге де мешіттерде ашу жоспарлануда.
Осындай мәселелердің негі-зінде дәстүрлі дініміздің қоғам-дағы орны айқындала түсу-де. Мұның барлығы да Аллаһ тағаланы толыққанды танып-білудің нәтижесінде жүзеге асып жатқан жайт деуге болады.
Дегенмен, жұмыс бар жерде кемшіліктердің де орын алып, олқылықтардың да қоса жүретіні белгілі. Дәл қазіргі уақытта біздің дін саласындағы ісімізде бірқатар кемшін тұстардың барлығын жасырып, жаба тоқи алмаймыз. Бұл, әсіресе, қолданыстағы заң мәселелеріне қатысты.
Қоғамдағы экстремистік ба-ғыттағы кереғар діни ағымдар мен деструктивті, тоталитарлық секталардың қызметінің жүр-гізілуіне жергілікті жерлер-дегі қарапайым халық ең алдымен мешіт имамдары мен молдаларын кіналайды. Әрине, белгілі бір деңгейде мұнымен келісуге де болар. Бірақ, олар-дың (түрлі діни ағымдардың) қоғамдық қатынастарға еркін түсуіне заңымыз жол беріп отырған жағдайда, оларға қарсы шаралардың  әлі де өз  деңгейінде қолға  алынбай  отырғаны үшін  діндарларды бір  жақты кінәлаудың қисынсыздығын айтқан.
Қоғам өмірінде керітартпа ағымдардың көбейіп, жұмыс жүргізуін елге, дінге жаны ашитын кез келген азаматтың қолдай қоймасы анық. Ендігі жерде келімсек діни ағымдардың пайдасыздығын ашық әшкерелеп, олардың нақты бет-бейнесін көрсететін кез келді деп есептейміз. Бұл үшін ешкімді де кінәлаудың реті жоқ. Өйткені, қазіргідей ашық қоғамда мұндай өткір мәселелердің айтылуы заңды да.
Тағы қынжылтатын мәсе-ленің бірі - ислам дінінің өзінде көптеген тармақтарға бөлі-нушілік мәселелерінің белең алуы дер едік. Ханафиттік маз-һаб негізінде жұмыс жүргізетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оңды бағытын ескермей, өз беттерінше «сүрлеу салып», түрлі жолдарды ұсынып, халықты адастырып, шатастырып жүрген көптеген діни ағымдар өз беттерінше жұмыстарын жүргізуде. Бұлардың қатарына ханафиттік мазһабты ұстана отырып, жұмыс жүргізетін сопылық бағыттағы кейбір топтар мен исматуллашыларды, кей сәттерде қылаң беріп қалатын нұршылар мен сүлейменшілер жамағатын жатқызуға болады. Жоғарыда атап өткендей, бұлардың барлығы да Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанушы топтар. Түпкі қазығы бір болып табылатын мұндай топтардың бастары бірікпей отырғандығы өзге діндегілер үшін іздегенге сұрағандай болып отырғанын біреу түсінер, екінші біреу түсінбес. Бұлардан бөлек, ел өмірінде ортодоксальді исламды ұстанушы - уаһабилік-сәләфилік ағым, тәкфиршілер жамағаты мен «Таблиғи жамағат» сияқты ұйымдар бар. Сондай-ақ, орталығы Лондоннан нұсқау-тапсырма алып отырған исламға жатпайтын іріткі салушы ахмадиялықтар да өз іс-әрекетін емін-еркін жалғастыруда.
Мұсылмандықты бетперде етіп, халықты түрлі жолдармен алдап-арбап, өз қатарларын толтырып жатқан мұндай кері ағымдардың біздің елімізге пайдасы жоқ. Тек кейбір қандастарымыздың осылардың алдау-арбауына оп-оңай түсіп қалатындығы қынжылтады. Қасиетті Құран Кәрімнің «Хужрат» сүресінің 10 аятында: «Шын  мәнінде,  мұсылмандар  бір-біріне бауырлар» делінсе, хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз хадис шәріп-терінде: «Мұсылман - мұсыл-манға бауыр» дейді. Түрлі ағымдардың жетегінде кетіп отырған азаматтардың барлығы да шет жақтан келгендер емес, өзіміздің қарагөз бауырларымыз. Олардың адасып, өздерінің қандай торға түсіп отырғанын сезінбейтіні қынжылтады-ақ. Осының барлығы, айналып келгенде, діни сауаттылықтың жетіспеушілігінен, әрі дінге деген немқұрайдылықтан туындауда.
Сонымен қатар, аты христиандық болғанымен күллі христиан әлемінің өзі теріс қарап отырған «Иегова куәгерлері» діни қауымының жұмысы да бізде емін-еркін жүргізіліп келеді. Өткен 2008 жылдың тамыз айында бұл діни ұйымның қызметі сот шешімімен 6 айға тоқтатылған еді. Өкінішке орай, арада 2-3 ай өтер-өтпес бұл шешім жоғары органдардың тарапынан заңсыз деп танылып, сот шешімі бұзылды. Қазіргі кезде бұлар қызметін жалғастыруда.
Жалпы, мұндай діни ағымдардың алдын алып, олардың қызметіне тосқауыл қойылу керектігі кімге де болсын, белгілі. Ол үшін қолданыстағы заңдарымыздың ел тұрғындарына жұмыс істеуі қажет. Тым әсіре демократияшылықтың бізге берері шамалы. Қоғам оған дайын емес. Әлі ерте. Соны барлы-ғымыз түсінгеніміз жөн.
Біз асыл дінімізді түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, әрі олардың жетегіне кетпей, бір-тұтас Қазақстан үшін жұмыла жұдырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, үнқа-тысуға жол ашып, жікшілдік пен фанатизмге тосқауыл қоюға тиіспіз. Бұл үшін бізде ең алдымен бірлік болуы керек. «Бірлігі жарасқан ел озады» деген қанатты сөз бар қазақта. Сондықтан барлығымыз өзара ынтымақ пен бірлікте, сыйлас-тықта жүрсек, бізді алар жау болмақ емес. Әйтпесе, қарақан басымызды ғана ойлап, ұстанған түрлі діни көзқарастарымызға байланысты қазіргі кездегі сөз, дін бостандықтарын қалқан етіп бір-бірімізді жағамыздан алып, жазықсыз да негізсіз жала жауып, сүріндіруге тырыссақ, өзіміз де, еліміз де қасірет шегеді. Осыны ұмытпаған жөн дер  едік. «Бірлік түбі - тірлік», «Ырыс алды - ынтымақ» демей ме дана халқымыз. Ендеше, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың пайдасы да, ғибратының да мол екендігі ақиқат.

 

 

 

Ахметжан Керімбеков, ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы.
http://muftyat.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2376
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572