Жұма, 17 Мамыр 2024
3420 5 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 19:23

Біртанов қызметінен босатылды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", - делінген Президент Жарлығында.

Ал, Біртанов әлеуметтік желідегі парақшасында коронавирустың асқынған түрімен ауырғандықтан қызметінен босату туралы өтініш бергенін жазды.

"Бүгін мен Мемлекет басшысына денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтініш бердім.

Өкінішке орай, менде пневмониямен асқынған коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша емдеу қажет.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігі министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да саланың толыққанды басшылығы қажет деп санаймын.

Біздің денсаулық сақтау жүйесі көтеріліп келе жатқан ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Бұл әрқайсымызға уақыт арнауды қажет етеді. Барлық әріптестеріме денсаулық және табандылық тілеймін!

Мемлекет басшысына қазақстандық денсаулық сақтауды дамытуға үлес қосадаы деп жоғары сенім білдіргені үшін алғыс айтамын!",- деді.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637