Жұма, 17 Мамыр 2024
3253 2 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 17:51

42 500 теңге қайтадан беріле ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда енді 42 500 теңге берілмейтінін мәлімдеді. 

"Енді 42 500 теңге берілмейді, ондай төлем жасауды жоспарлап отырған жоқпыз. Олар үшін бюджеттен арнайы қаражат қарастырылмайды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты жұмсалды", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ведомство басшысының айтуынша, Ұлттық банктің көмегінсіз бұл жағдайдан шығу мүмкін болмаған.

"Банк қаржы құралдарын қолдана отырып, қажет қаржыны берді. Нәтижесінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры 332 миллиард теңге активін жұмсап, 4,6 миллион адамға төлем аударды. Бүгінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының мүмкіндігі шектеулі", - деді Нұрымбетов.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимі аясында табысынан айырылған қазақстандықтар екі ай бойы 42 500 теңгеден алған болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637