Жұма, 17 Мамыр 2024
3942 0 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 13:36

Карантинде 4,2 миллион қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды

2020 жылы 1,2 миллионнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. 

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында министр осы жылдың І-тоқсан қорытындысында экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрағанын атап өтті. Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 миллион қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды.

«Карантиндік шараларды жеңілдету үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде басталды. Бұл кезең-кезеңімен жұмысқа оралуға мүмкіндік берді. Үкімет жұмыспен қамтуға көңіл бөліп, экономиканы қалпына келтіру бойынша қабылдап отырған шаралар осы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деп есептейміз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Оның атап өтуінше, жыл соңында күтілетін жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайыз болуы мүмкін. Осы орайда, ол осы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында – 600 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында – 255 мың адам, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша 364 мың адам жұмыспен қамтылады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 224 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, олардың 185 мыңы жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында бос жұмыс орындарына 99 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 62 мың, әлеуметтік жұмыс орындарына – 13 мың, жастар практикасы бойынша 11 мың адам жұмыспен қамтылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636